Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы қарқынды даму жолына түсіп, тың бастамалар мен жобаларды қолға алуда. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен өңірді өркендетудің нақты жоспарлары жасалып, тиісті кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз қаласын абаттандыру жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асырылуда. 

Егемен Қазақстан
24.09.2018 1236
2

Облыс орталығында оң өзге­рістер байқалып, тұр­ғын­дар үшін қолайлы жағ­дай қалып­тасып келеді. Мәселен, «Жеңіс» саябағы қайта күрделі жаң­ғы­ру­дан өтіп, бүгінде бұл жер көп­ші­ліктің қызыға тамаша­лай­тын орталығына айналды. Саябақтағы жаңадан орнатыл­ған даңқты батыр Бауыржан Момыш­ұлының ескерткіші, «Ерлік» мемориалдық кеше­ні халқымыздың батыр­­лығы мен тектілігін айғақтап тұр­ғандай. 

Сонымен қатар бүгінгі таң­да облыс орталығындағы Қай­рат Рысқұлбеков атын­дағы сая­бақ та күрделі жөн­деуден өт­кізі­лу­де. Келешек­те бұл жер де қала тұр­ғын­дары мен қонақтары үшін тамаша демалыс орнына ай­налуға тиіс. Ал Тараз қала­сындағы «Үшбұлақ» және «Зербұлақ» арасы қайықпен серуендейтін көл түрінде қайта жаңғыртылады. Жыл басынан бері толастамаған мұндай жұ­мыс­тар әлі де жалғасын тауып келеді. 

Биыл Жамбыл өңірі үшін табысты жыл болды деуге толық негіз бар. Жаз бойы облыс аудандарын аралап, жұмыс барысымен танысқан Асқар Мырзахметов аудан басшыларына нақты тапсырмалар беру арқылы аудан және ауыл ахуалын жақ­сартуды басты мәселе етіп қойды. Нәтижесінде өңір­­­дің барлық аудандарын­да түрлі салалар бойынша оң өсім байқалуда. Атқарылған жұ­мыстардың нәтижесінде ағымдағы жыл­дың қаңтар және тамыз ай­ларындағы об­лыстың әлеу­мет­тік-эко­но­микалық көр­сет­кі­ші жоға­ры деңгейге көте­рілді. Эконо­миканың барлық салаларында өсім байқалды. 

Жамбыл облысы әкім­дігінің мәліметінше, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ған­да өнеркәсіп саласында 7,2 процент өсім бар. Осылайша көрсеткіш 254,0 миллиард теңгені құрады. Өсім кен өндіру өнеркәсібінде – 13,3 процентке (29,6 мил­лиард теңге), өңдеу өнеркәсібін­де  6,7 процентке (180,5 мил­лиард теңге), сумен жабдық­тау, кәріз жүйесі қалдықтар­дың жиналуын және таратылуын бақылауда 0,2 процентке (2,3 миллиард теңге) артуы есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Жамбыл өңірі негізінен аг­рарлы аймақ болғандықтан, ауыл шаруашылығымен айна­­лысуға мүмкіндік мол. Сол себепті өңірде мал басын асылдандыру, егін орағы жұ­мыс­тары да тиісті деңгейде жүр­гізілуде. Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығында нақ­ты көлем индексі 103,6 про­центті құрап, 106,6 миллиард теңгеге жетті. Оның ішін­де көрсеткіш өсімдік шаруа­шылығында – 105,6 процент, яғни 34,6 миллиард теңге, мал шаруашылығында – 102,7 процент, яғни 71,6 миллиард теңгені құраған.

Сонымен қатар өсім өсім­дік шаруашылығында масақ­ты дәнді-дақылдар түсімі­нің 16,4 процентке, мал шаруашы­лы­ғын­да ет өндіру 3 процентке, сүт өндіру 2,8 процентке, жұ­мырт­­қа өндірісі 3,8 процент­ке ар­туы есебінен қамтамасыз етілді.

Негізгі капиталға салын­ған инвестиция көлемі тиісті ке­зеңмен салыстырғанда 5,5 про­­центке артып, 141,8 мил­лиард теңгеге жетсе, құры­лыс көлемі 59,7 миллиард тең­гені құрап, 8,2 процентке өсті. Бұл ретте мыңдаған аза­матт­ың бас­паналы болуына мүм­кіндік туды. Өсім шағын кә­сіп­орындар атқарған құрылыс-монтаж жұмыстары көлемі­нің ұлғаюы себепті, атап айтсақ көппәтерлі тұр­ғын үйлер, мектептер құрылысы, тұрғын үй алқаптарын жылу­мен, сумен және газбен қам­та­ма­сыз ету жүйелері­нің құрылы­сы, магистральді газ құбыры құрылысы және «Темір жол жөндеу» ЖШС жүргізген күр­делі жөндеу жұмыс­тарына байланысты болып отыр. Бү­гінгі таңда тұрғын үй құры­лысында 311,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­рілді. Бұл 2017 жылдың тиіс­ті кезеңімен салыстырғанда 116,5 процентті құрады.

Бөлшек сауда айналы­мының нақты көлем индексі 103,9 процентті құрап, 170,1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Бұл секторда өңір экономикасын арттыруда айтарлықтай рөлге ие. Инфляция деңгейі 102,5 деңгейінде қалыптасып, орташа республикалық мәннен (Қазақстан Республикасы бойынша 102,9 процент) 0,4 проценттік тармаққа төмен болды. Азық-түлік тауарларын тұтыну бағасы 2,2 процентке көтерілді (Қазақ­стан Республикасы – 2,3 процент), азық-түлік емес тауарлар  3,2 процентке (Қазақстан Республикасы – 3,6 процент), ақылы қызметтер 2,2 процентке (Қазақстан Респуб­ликасы – 3,0 процент) артты. Жүк тасымалы 7,6 процентке, жолаушы тасымалы 2,1 процентке өсті. 

Бюджеттің кіріс бөлігі 2018 жылдың 1 қыркүйегіне 170 миллиард теңгеге жетіп, 103,1 процентке орындалды. Негізгі жоспар – 164,8 миллиард теңге. Оның ішінде, жергілікті бюджетке 39 мил­лиард теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115,3 процентке орындалды. Жоспардан артық 5,2 миллиард теңге түсті. 

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 16,3 процентті құрады. Сонымен қатар республ­и­калық бюджеттен 131 миллиард теңге трансферттер түсті. Оның ішінде нысаналы трансферттер – 21,6 миллиард теңге және субвенция – 109,4 миллиард теңге болып отыр. Бюджеттік қаражаттар 170,7 миллиард теңгеге немесе 98 процентке игерілген болса, игерілмеген қаражат көлемі 3,4 миллиард теңге. Бүгінде облыс экономикасының өсім динамикасын қамтамасыз ету бағытында қажетті шаралар қабылдануда. 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу