Футбол • 24 Қыркүйек, 2018

Футзалдан еліміздің құрамасы Әзербайжанды жеңді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы жолдастық матчта Әзербайжан командасын жеңді, деп хабарлайды ҚР Футбол федерациясынның баспасөз қызметі.

Футзалдан еліміздің құрамасы Әзербайжанды жеңді

kff.kz

Бакуде өткен ойын қазақстандық команданың пайдасына 1:3 есебімен аяқталды. Отандық команданың құрамында голды Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов пен Игита соқты. Еске салайық, аталмыш мачт құраманың жаңа бапкері Пауло Рикардо Кака үшін жаңа қызметіндегі алғашқы ойын болды. Екі ел құрамасы келесі құраммен ойнады:

Әзербайжан: Ровшан Гусейнли, Эмин Кюрдов - Хатаи Багиров, Самир Гамзаев, Ризван Фарзалиев, Нихад Исмайлов, Рамиз Човдаров, Иса Атаев, Эмин Микаилов, Адем Габибов, Намик Мамедкеримов, Фарид Атакишиев, Канан Манафов.

Казақстан: Игита, Александр Гуров, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Тайнан, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Альберт Акбаликов, Қайрат Иманәлин, Арнольд Кнауб, Александр Довгань, Антон Рындин.