Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018

Медициналық көмек сапасы артады

435 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен аптаның соңында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. 

Медициналық көмек сапасы артады

Бұл заң жобасы денсаулық сақ­тау саласына Мемлекет бас­шысы мен Үкімет қойған басым міндеттерді орындау мақ­сатында әзірленгені айтылды. Ми­нистр тегін медициналық кө­мек­тің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру­дың (МӘМС) жаңа моделі ДДҰ-ның халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі принциптері­не сәйкес екендігін атап өтті. Мәсе­лен, ТМККК шеңберінде амбула­ториялық-емханалық қызмет көрсету мен стационарлық кө­мек­­ті қоса алғанда, медици­­на­лық көмек барлық азамат­тарға, орал­­­мандарға және Қазақ­­­станда тұрақ­ты тұрып жат­­қан шет­елдіктер мен азамат­тығы жоқ адам­дарға көрсеті­леді. МӘМС жүйес­ін­дегі меди­ци­налық көмек ТМККК тыс медициналық қыз­меттерді қамтиды. Сонымен бірге МӘМС көлемі ТМККК пакеті­мен салыстырғанда 42,4 мың тең­­геге артық болады. Бұл ха­лық­­тың МӘМС жүйесіне қаты­су­ын айтарлықтай ынта­ландырмақ. 

«Денсаулық сақтау саласын­дағы тиімді басқару мен бәсеке­лестікті дамытуды қамтама­сыз ету мақсатында заң жоба­сында: 1) шаруашылық жүр­гізу құқығындағы мемлекеттік кә­сіп­­орындардағы қадағалау кеңестерінің өкілеттігін кеңей­ту; 2) ша­руашылық жүргізу құқы­ғын­дағы мемлекеттік кәсіп­орын­дарда алқалық ат­қарушы органдар енгізу; 3) шаруа­шылық жүргізу құқы­ғын­дағы мемле­кет­тік кәсіп­орындарда ішкі аудит қызметін енгізу көзделеді», – деді министр. Сонымен қатар заң жобасында ДСМ-ге денсау­лық сақтау инфрақұрылымын дамы­­­тудың бірыңғай перс­пек­­ти­­­в­а­лық жоспарын қалып­тас­тыру қа­ғи­даларын әзірлеу және бе­кі­ту бойынша және ЖАО-ға ДСМ-нің келісімі бо­йын­ша ден­саулық сақтау инф­ра­құ­ры­лы­мын дамытудың перс­­пек­ти­валық жоспарларын бекіту бо­йынша өкілеттіктер беру­дің кө­з­делетіні аталды. Осы нор­­ма­л­арды іске асыру нәти­жесін­де: 1) мемлекеттік инвестиция­ларды жоспарлауды оңтай­ландыру; 2) аурухана ұйым­дарының шығындарын оң­тай­­ландыру; 3) медициналық көмек­ті интеграциялау; 3) жеке би­з­нес үшін инфрақұрылымды дамы­­­туға қатысудың тартым­ды­­­лы­­ғын арттыру күтіледі. Осы­­лай­­ша, МӘМС енгізу жағ­дайын­да ме­ди­циналық көмек көр­­се­ту сапа­сы, денсау­лық сақ­тау жү­­йе­с­і­нің экономи­ка­лық тиім­­д­і­лі­гі мен бәсе­кеге қ­абі­л­­ет­­тігі ар­тады. «Медици­на­лық білім мен ғылым жүйесін жетіл­діру мақсатында, сондай-ақ «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көзделген міндеттерді шешу үшін заң жо­басында медициналық білім мен ғылым саласындағы страте­гия­лық әріптестік институты ен­гізіледі; медицинадағы ғылы­ми қызмет жетілдіріледі; ден­сау­лық сақтау саласындағы білім мен ғылым ұйымдарының ғы­лы­ми-педагогикалық кадр­лары­ның құзыретін бағалау жү­йе­сі енгізіледі, сондай-ақ Назарбаев университетке ұқсас инте­гра­циялаған академия­лық меди­ци­налық орталықтар мен уни­вер­ситеттік клиникалар құру механизмі арқылы ғылым, практика мен білімнің үш­тұ­ғырлығы үшін жағдай жасау көзделеді», – делінді баяндамада. Өзінің сөзін түйіндей келе Елжан Біртанов осы заң жобасы донор институтын және тубер­кулезбен ауыратындарға медици­налық көмек көрсетуді, МӘМС-ті одан әрі жетілдіруді; денсау­лық сақтаудың ұлттық шот­тарын енгізуді және т.б. қам­тып, қол­даныстағы заңнамадағы ден­саулық сақтау жүйесі мәселе­ле­рі бойынша олқылықтарды тү­зетуге бағытталатынын айтты. 

Депутаттар Г.Ихсанова, К.Мұсырман, Т.Сыздықов және т.б. министрге сұрақ қойып, заң жобасында қамтылған мәселе­лерді анықтады. Соның ішінде ауылдық, аудандық жерлер­дегі медицина ұйымдарын кадрлармен жабдықтау мәселесі көп сұралды. Министр бұл мәселенің заң жобасында қам­тылып, меди­циналық уни­верситетті бітірген жастар­дың үш жылға жіберген орын­дарға барып, практикалық жұмыс­тар жасайтыны туралы заң жобасында арнайы бап қарас­тырылғанын жеткізді. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше