Теннис • 24 Қыркүйек, 2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды sports.kz. 

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

Осыған дейін 61-орында болған қазақстандық теннисші бірден 16 сатыға жоғарылады. Юлия Путинцеваның рейтингте осылайша жоғарылауына оның өткен сенбі күні Қытайда мәреге жеткен Гуанчжоу турнирінде сәтті өнер көрсетуі себеп болды. Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған айтулы жарыста қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ұтылып қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс 94-тен 92-орынға шықты. Жұптық сында Галина Воскобоева 89-дан 84-сатыға жоғарылады. Ерлер арасындағы рейтингте Михаил Кукушкин өз орнын өзгерткен жоқ. Сол 87-сатыда қалды. Рейтингтің алғашқы үштігі сол күйі өзгеріссіз. Бұл тізімде румыниялық Симона Халеп, даниялық Каролин Возняцки және Германия  ракеткасы Анжелик Кербер бар.