Әлем • 24 Қыркүйек, 2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

484 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылы қыркүйектің 5 мен 16 аралығында Парижде өткен, француздың L’Etrange Festival кинофестивалі аясында режиссер Әділхан Ержановтың фильмографиясы Focus атты арнайы секциясында көрсетілді. 

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

Туындылар арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген «Риэлтор», «Үкілі кәмшат» және «Түн құдайы» фильмдері де бар.

Режиссер Әділхан Ержановтың айтуы бойынша, француз көрермені оның фильмдеріне қызығушылық танытқан, келушілер саны көп болып, кезеккке тұрып күткенкендер де болған. Сонымен қатар, түрлі кәсіби кездесулер мен сұхбаттар жасаған.  «Француздар өнер мен киноны бразилиялықтар футболды түсінгендей түсінеді. Олар үшін өнер – ұлттық дәстүр. Сондықтан да кинодағы авангард сол жақтан тарайды. Кинодағы моданы Канн мен Франция жасайды.  Ол жақтың көрерменімен сөйлесудің ғанибет. Олар синефилдер – қазақ киносында болып жатқан дүниелерден хабардар. Оларға шынымен де менің кином қызықты», - деді Ержанов.

L’Etrange Festival ширек ғасырға жуық уақыт өткізіліп келеді. Бұл фестиваль «ерекше, қайталанбайтын, сирек, жоғары деңгейдегі» фильмдерге арналған. Фестиваль бағдарламасында негізгі байқау (Ларс фон Триердің «Джек тұрғызған үй» фильмі көрсетілетін) мен қысқаметражды фильмдердің байқауынан бөлек, байқаудан тыс бағдарламада жапон жаңа толқынының фильмдерінің көрсетілімі, аңызға айналған Nikkatsu атты жапон студиясының фильмдірінің ретроспективасы, сондай-ақ «Жаңа таланттар», «Деректі кино» бағдарламалары бар.

Анықтама:

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»

Жанры: драма

Хронометражы: 110 минут

Режиссёрі: Әділхан Ержанов

Продюсері: Серік Әбішев

Сценарийін жазған: Әділхан Ержанов

Операторы: Едіге Несіпбеков

Ролдерде: Баймұрат Жұманов, Әлия Зайналова, Нұрбек Мұкышев, Константин Козлов, Салтанат Наурыз, Мақпал Исабекова

Әділхан Ержанов – сценарист, кинорежиссер. 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына қатысқан («Әлемнің мейірімді енжарлығы», 2018). 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің қатысушысы («Түн құдайы», 2018). 45-ші Роттердамдағы ХКФ NETPAC қазылар алқасының иегері («Қаратас ауылындағы оба», 2016), соныман қатар, көптеген халықаралық кинофестивалінің лауреаты және қатысушысы. Қазақстан Киносыншылар ассосциациясының тануы бойынша бірнеше рет «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» атанған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше