24 Қыркүйек, 2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, есептік кезеңде ауылшаруашылық өнімін өндірушілер 10 838,2 мың гектары немесе өңірлердің жалпы астық алқаптарының 72,1% жинап үлгерді. Орташа өнімділік бір гектардан 12,9 центнерді құрады. 2017 жылғы ұқсас мерзімде облыстардың жалпы астық алқаптарының 14 466,3 мың гектары немесе 94,4% жиналып, 19 357,1 мың тонна астық бастырылған болатын. Орташа өнімділік бір гектардан 13,4 центнерді құрады. 2018 жылы елдегі егін алқаптарының жалпы көлемі 15 027,9 мың гектарды құрады. 2017 жылы  оның көлемі  15 318,6 мың гектар болды. Сондай-ақ биылғы егіс науқаны кезінде 15 122,6 мың гектарға, өткен жылы 15 411,6 мың гектарға астық егілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше