Әйелдердің жаһандық форумы жолында

Қа­зақстан Республикасының Мем­­лекеттік хатшысы Гүлшара Әб­ді­қалы­қова бастаған делегация бас­шы­лығымен Ресей Федерациясы Фе­дералдық Жи­налысы Кеңесі төрайымы В.Матвиенконың шақыруы бо­йынша 2018 жылғы 19-21 қыр­күйекте жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барып қайтты.

Егемен Қазақстан
25.09.2018 1306
2

Нева бойындағы қалада осымен екінші рет ауқымды іс-шара – Еуразия әйелдер форумы өтті. Биыл «Әйелдер жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамуды жақтайды» деген тақырып талқыланды. 

Санкт-Петербург – тұрғын хал­қының саны жөнінен Ре­сейдің екінші үлкен қаласы, онда 5 млн-нан астам адам өмір сүріп жатыр. Іргетасын 1703 жылы Ресей империясының дара билеушісі, реформатор – I Пе­тр қалаған. 1712-1918 жылдары Ресей мемлекетінің астанасы болды. Санкт-Петербург – ірі экономикалық, ғылыми және мәдени орталық, көлік торабы және елдегі ең бір маңызды ту­ристік орталық. 

Форумды ұйымдастырушы – Ресей Федерациясы Феде­рал­дық Жиналысы Кеңесі және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер парламентаралық ассамблеясы.

Іс-шараға парламенттердегі әйелдер, мемлекеттік орган­дар­дың, халықаралық ұйым­дар­дың, іскер ортаның, ғылы­ми қоғам­дас­тықтың, қоғам­дық бірлес­тік­тердің өкілдері, қайырымдылық жобаларының басшылары, беделді халықаралық әйелдер қозғалысының қайраткерлері – әлемнің 100-ден аса елінен келген қонақтар қатысты. 

Қазақстан делегациясы құ­ра­мына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшы­лары, қоғамдық ұйымдар өкіл­дері кірді.
Ресеймен Қазақстанды та­рих­тың өзі табыстырып, елдері­міздің көр­ші­лестігінен туын­даған бауырластық қа­рым-қа­ты­нас байланыстырады. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қа­зақ­стан-Ресей қарым-қатына­сына айрықша мән береді. Каспий жағалауы мемлекет­тері­нің Тамыз айында өткен таяудағы саммитінде ол барлық бағытта қар­қын алып келе жатқан қарым-қаты­на­сымыздың жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларына жол ашылуда екенін айтты. 

Ресей Президенті В.Пу­тин­­нің қатысуы биылғы форум­ның ма­ңыз­дылығын арттыра түсті. Бүгінде Ресейде саяси, эко­но­микалық, әлеуметтік және мәде­ни салаларда әйелдердің тең дәрежеде атсалысуына қаже­тті жағдай жасалуда. Әйел­дер мүддесі жолындағы 2017-2022 жылдарға арналған ұлттық стратегия жүзеге асырылуда. 

Форум пленарлық отырыстан бас­талды. Онда Мемлекеттік хат­шы Г.Әбдіқалықова сөз сөй­леді. Сөзінде ол жаһандық қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ету мә­селелері негізгі басым­дық­тардың қатарына жататынына көңіл аудартты. Қазақстан бұл үдеріске белсене атсалысушы елдің бірі болып саналады. Президентіміздің сыртқы сая­саттағы бастамаларының арқа­сында Қазақстан БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болып сайлан­ды. Орталық Азия мен Ауған­стан­дағы қауіпсіздікті қамта­масыз ету біздің елдің жіті на­зарында. Сондықтан біз Тәжікстан мен Қырғызстандағы қақтығыстарды жоюға қатыс­тық, Иран мен Сирия келіс­сөз­дері үдерістеріне орын ұсын­дық. Жақында Ауғанстандағы әйел­дердің құқықтары мен мүмкін­діктерін кеңейту мәселелері жө­нін­дегі өңірлік конференция өт­ті. Оның қорытындысы бо­йынша Астана декларация­сы қабылданып, аталған мем­ле­кеттегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі өңірлік өзара іс-әрекеттің бағыт­тары айқындалды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйел­дер. Бейбітшілік пен қауіп­сіздік» атты 1325-інші қа­рарын толық қолдайды. Сон­дықтан да біз әскери қызметте әйелдерді даярлықтан өткіземіз, олар болашақта БҰҰ-ның бі­тімгершілік миссияларына жол­данбақ.

Келесі басымдық – орнықты даму. Оның тұғыры қуатты эко­номика болып саналады. Бүгінде экономиканы дамытуға қажетті жағдайдың бірі – оған әйелдердің толыққанды атсалысуы. Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде елеулі жетістікке жетті. 
Мемлекет басшысы атап айт­қандай: «Әйел отбасында және қоғамда сыйлы болса, ондай елдің ертеңі үшін алаң­дамауға болады».
Тағы бір басымдық – ру­ха­ни-адамгершілік саласы. Қа­зіргі кезде мәңгілік рухани құндылықтар жаппай тобырлық теріс ықпалға ұшырауда. Оған қарсы тұру үшін біздің елде қоғамдық сананы жаңғыртудың «Ру­хани жаңғыру» бағдар­ла­масы қабылданды. Соның нәтижесінде бүгінде ұлттық тарих пен мәдениетке қоғамның қызығушылығы айтарлықтай артты. 

Сөзінің соңында Г.Әбді­қа­лықова Еуразия әйелдер форумы аясында төмендегідей бір­қатар бастаманы іске асыруды ұсынды: біріншіден, Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаев баста­ма­шылық еткен «Әлем.XXI ға­сыр» манифесін жүзеге асыру­ға әйелдердің атсалысуын күшей­ту; екіншіден, әйелдердің эконо­микалық белсенділігін артты­ру үшін «Әйелдер. Индус­трия 4.0» диалог алаңын қалып­тас­тыру; үшіншіден, мәңгілік құнды­лықтарды сақтау және ілгері­лету үшін тұрақты жалғасатын «Жаһандық рухани жаңғыру» жобасын ұйымдастыру.

Форумның маңызды оқиға­сының бірі Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова мен Парламент Сенатының Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрайы­мы Д.Назарбаева қатысқан Пете­р­бург кездесуі – «Әйел­дер жиырмалығының» (W20) ашық отырысы болды. «Әйел­дер жиырмалығы» (W20) – «Жиырма тобының» әлеуметтік серік­тестермен өзара іс-әре­ке­­тінің 2015 мамырда құрыл­ған форматының бірі. Оның мақсаты – әйелдердің рөлін күшейте отырып, G20 елдері­нің экономикалық дамуына қол­дау көрсету. Отырысқа Арген­ти­наның төрағалығы аясындағы «Әйелдер жиырмалығының» төрайымы Сусана Бальбо, сон­дай-ақ W20 ұйымының негі­зін салушысы әрі президенті Гюль­ден Тюрктан қатысты.

Кездесуге қатысушылар «Әйел­дер жиырмалығы» жұмы­сы­ның басымдықтары жөнінде пікір алмасты. Олар мына мә­селелерді талқылады: 
- әйелдер, экономикалар жә­не қоғамдар мүддесі жолын­дағы халықаралық ынтымақтастық; 
- «Әйелдер жиыр­ма­лы­ғының» негізгі жетістіктері мен болашақ басымдықтары; 
- «Жиырма тобының» әйел­дердің экономикалық мүмкін­дік­­терін кеңейту жөніндегі мә­се­лелерінің күн тәртібіне «Әйел­дер жиырмалығының» үлесі. 
Парламент Сенатының Ха­лық­аралық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік комите­тінің төрайымы Д.Назарбаева форум аясында бірқатар кездесу өткізді. Ол Ресей Федералдық Жиналысы Кеңесі төрайымы В.Матвиенкомен, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесі төрағасының орынбасары М.Щет­кинамен, Армения Премьер-минис­трінің зайыбы А.Акопянмен жүздесті. 

Бұдан бөлек, форум аясын­да өткен панельдік сессия­лар: «Ана және еңбек: ана­лар­дың еңбек нарығына қаты­суына қолдау көрсету»; «Әйел­дер болашақтың энергиясын жақ­тайды»; «Әйелдер теңгерме­лі экономикалық дамуды жақ­тайды»; сондай-ақ ашық пікір­таласқа арқау болған тақырып­тар: «Әйелдер климаттың өзге­руі проблемасын шешу ісін­де»; «Кәсіпкер әйелдер ынты­мақ­тастықты арттыру мен әлеу­меттік-экономикалық өзара іс-әрекетті жақтайды»; «Губер­натор әйелдер – аумақты дамыту тиімділігінің стратегия­сы».

Қазақстан делегациясы аталған іс-шараларға белсе­не қатысты. Мысалы «Әйел­дер климаттың өзгеруі пробле­масын шешу ісінде» тақыры­бындағы пікірталаста еліміздің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Е.Тара­сенко сөз сөйледі. Жайық өзені бойы­мен жасалған Қазақстан-Ресей экспе­ди­циясының жетекшісі ретінде ол климаттың қарқын алып келе жатқан өзгерісі су ресурстарын бөлуге әсерін тигі­зетінін айтты. Өзен ала­бы­ның эко­логиялық түйткіл­дерін тарқату, тари­хи-мәдени мұраның сақтау қажет­тігі, шекарааралық ынтымақ­тас­­тықты дамыту үшін өзара іс-әре­кет жасау мақсатымен Қа­зақстан-Ре­сей экологиялық экспедициясы ұйым­дас­тырылып келеді, ол 2018 жылы 22-інші рет жолға шықты. 

Е.Тарасенко экспедицияның екі ел ара­сындағы достық дәне­ке­ріне ай­налғанын атап өтті. Оның құрамында депутаттар, меморгандар өкілдері, эко­лог-ғалымдар, тарихшы-өлке­та­нушылар, журналистер, жастар, оқушылар бар. Экспедицияға қатысушылар қоршаған айналаны қорғау мәселелеріне елеулі үлес қосуда. Мәселен, 2016 жылы ХIII Өңіраралық ын­тымақтастық форумы аясында Жайық өзені трансшекаралық алабының экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылды, «Жайық күні» белгіленді. 

«Әйелдер болашақтың энер­гиясын жақтайды» атты сессия­ға «Expo­&Women» халық­ара­лық ұйымының төралқа тө­р­айымы, Қазақстан Прези­денті жанындағы «Жасыл эко­но­микаға» көшу жөніндегі кеңес мү­шесі С.Рахымбекова қатысты. Ол әлемдік экологиялық сая­сат­қа Қазақстанның қосқан үле­сі жөнінде әңгімеледі. Был­тыр Астанада «Болашақтың энер­гиясы» тақырыбы бойын­ша ЭКСПО-2017 мамандан­ды­рыл­ған халықаралық көрмесі зор табыспен өткені баршаға мәлім. ЭКСПО мұрасын бүгін­де ішінара Жасыл технология­лар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы тиімді түрде көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде 25 «жасыл» жоба жүзеге асырылып үлгерді. 

С.Рахымбекова елдегі «жа­сыл» реформаларды ілгері­летуге әйелдер елеулі үлес қо­сып отырғанын айтты. Был­тыр Экологиялық ұйымдар қа­уым­дастығы құрылды. Ол төмен көміртегілік даму стратегия­сын қабылдауға бастамашы, жаңа Экология кодексі тұжы­рымдамасын әзірлеушінің бірі болды. Сондай-ақ қауымдастық – Жібек жолы елдерінің энер­ге­ти­калық желісі моделін жасау­ды көздейтін «Silk Road Super Grid» жобасының бастамашысы. 

Болашақтың энергиясын қол­дайтын тағы бір қазақстан­дық жақсы бастама – халық­аралық «Expo&Women» әйел­дер қозғалысы, «жасыл» эко­номика мен ЦУР-2030 жетіс­тіктерін жақтайтын қозғалыс. Expo&Women бастамасымен Халықаралық Көрмелер Бю­росы ЭКСПО көрмелерінде әйел­дердің іс-шараларын өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бейжің «ЭКСПО-2019» және «Ду­бай ЭКСПО-2020» күн тәрті­біне климаттың өзгеруі, бола­шақтың энергиясы, орнық­ты даму мәселелерін шешуге әйелдердің қосқан үлесі көр­сетілетін іс-шараларды қосу туралы ұсыныстар енгізілді. 

Форумға қатысушыларды С.Рахым­бе­кова Expo&Women ұсынған Әйел­дердің «Бір белдеу – бір жол» бағ­дарламасы плат­формасына қосылуға, сон­дай-ақ «Жібек жолының жа­сыл дамуы коалициясы­на» қатысуға шақырды, коали­ция­ның құрылтайшылық кон­фе­рен­циясын осы жылдың желтоқ­санында Бейжіңде өткізу жос­парланған. 

Форум аясында Г.Әбді­қа­лықова ха­лық­аралық ұйымдар өкіл­дерімен бірқа­тар екіжақты кездесулер де өткізді.

«БҰҰ-әйелдер» ұйымының атқа­ру­шы директоры, БҰҰ Бас хатшы­сы­ның орынбасары Фумзиле Млам­бо-Нгкукамен кездесу барысында Мем­лекеттік хатшы әйелдердің қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлін, оларды эко­номиканы нығайту ісіне тартуды ын­таландырудың нақты тетіктерін жасау маңыз­дылығын атап өтті. 

Г.Әбдіқалықова экономиканың сапалы және әлеуметтік бағдарын, әйелдер мен қыздарды тиімді әлеуметтік, құ­қық­тық тұрғыдан қорғау шараларын сақтап қалу қажеттігін айтты. 

Мемлекеттік хатшы әйел­дерді саяси және экономикалық жа­ғынан ілгерілету, гендер­лік үйлесімге қол жеткізу мәсе­­лелері бойынша Қазақстанда қабыл­данған шаралар жөнінде айтып берді. Мәселен, «БҰҰ Әйел­дер» ұйымымен бірге «Ұлт­тық әлеуетті күшейту, отбасы­лық-гендерлік сая­сатты жү­зеге асыру бойынша ве­домствоаралық өзара іс-әре­кеттің тиімді шараларын әзір­леу мен үйлестіру, әйелдер­дің ұлттық өндіріске қосар үлесін ұлғайту және оны 1, 5, 8, және 10-шы Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) тиім­ді іске асыру үшін өсіру, Қазақ­стан Республикасындағы тұр­мыс­тық сипаттағы зорлық-зом­былықпен күресудің көпсек­торлы тәсілін енгізу» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ол, сондай-ақ қазір Еуро­одақ «UN Women» ұйымымен бірге іске асырылатын, Ауған­стан қыздарын Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқытуға бағыт­талған бірлескен жобаның бірін­ші кезеңін қаржыландыру мәсе­лесін пысықтап жатқанынан хабардар етті. 
Келесі кездесуде – «Әйелдер жиыр­ма­лығының» (W20) негізін қалау­шы әрі оның президенті Гюльден Тюрк­танмен жүз­десуде Мемлекеттік хатшы әйел­дердің экономикалық және әлеу­мет­тік дамуда маңызды күш екенін айтты. 

Ол, G20 әлемдік эконо­ми­калық ынтымақтастық мәсе­лелері бойынша деңгейі жоғары форум екенін, жаһандық экономиканың қуатты, ор­нықты және үйлесімді өсімін қалыптастыруда бас­ты миссияны орындап отырғанын мәлімдеді. G20 мемлекеттері көш­бас­шылары экономикалық дамуға әйелдердің атса­лы­суының мәні зор екенін әлде­неше рет айтты. Соңғы жылдары G20 шеңберінде қабылданған барлық құжаттар әйелдерді дамытуға, гендерлік теңдікке қа­тысты аспектілерді қамтиды. W20 саммиті гендерлік тең­дік­ті, инклюзивті өсімді, халық­аралық экономикалық ынты­мақ­тастықты дамы­тудағы бүкіл әлем әйелдері ара­сындағы өзара іс-әрекетті ілгерілету бағы­тындағы маңызды платформаға айналды. 

Г.Әбдіқалықова гендерлік саясат жүргізу мәселелері бо­йынша Қазақстан Эконо­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымымен белсене ын­тымақтастық орнатып отыр­ғанын айтты. Бүгінде 2017 жыл қорытындысында Дүниежүзілік экономикалық форумның ген­дерлік даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 144 елі ара­сынан гендерлік алшақтық жөні­нен 52-орын алатынын айтты. 2016 жылы Қазақстан білім беру, еңбекпен қамту, кәсіп­керлік салаларындағы гендерлік теңдік мәселелері бойынша ЭЫДҰ кеңесінің ұсынымына қосылды. Еліміз гендерлік теңдік қағидаттарын енгізу арқылы бағытталған бірқатар бағалы ұсыныстар алды. 

Мемлекеттік хатшы әңгімені түйіндей келіп, Қазақстанда қазір жаңа 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатқанын, ол гендерлік теңдікке қол жеткізуге септігін тигізетін маңызды жайттың бірі – әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтінін атап өтті. 

Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова форумға қатысушылар қоры­тынды жасап, пікір алмасқан, В.Матвиенко және делегациялар басшылары болған Іскерлік таңғы асқа қатысты. 

Сондай-ақ ол форумды ұйым­­дастырушылармен кездесу өткізіп, оларға форумға ша­қыр­ғаны үшін алғыс айтты және іс-шараның табысты өтуімен құттықтады. 

Мемлекеттік хатшы аза­мат­тық қоғамның дамуы әйел­дердің белсене атсалысуынсыз ескіліктің жұрнағы болып саналатынын, форум бүгін­гі қоғамдағы әйелдердің нақ­ты мүмкіндіктеріне жаңаша көз­қа­распен қарауға жағдай жаса­ғанын айтты. Қазақстанда әйел­дер барлық салада, соның ішінде қарулы күштер мен құқық қорғау орындарында да өз орнын сәтімен тауып жатқанына тоқталып өтті. Қазіргі таң­да Қазақстан мен Ресей ара­сын­дағы қарым-қатынас өзін екіжақты және интеграциялық өзара іс-әрекеттің тиімді үлгісі ретінде көрсетіп, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепіліне айналғанын атап өтті. Қазақстан Ресейдің халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды оқиға 12 тамызда Каспий жағалауы елдері көш­бас­шыларының Каспий теңізі­нің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюы бо­лып саналады. Бүгінде әлем­де турбуленттілік сипатын­дағы күрделі геосаяси ахуал қалыптасып отыр. Осындай жағдайда екіжақты ынтымақ­тас­тық қарқынын арттыру, ұлт­тық экономикалардың үде­ме­лі өсіміне қолдау көрсету және бірлікті, интегра­ция­лық бірлестіктердің тартым­ды­лығын қамтамасыз ету айрықша маңызды. 

Екінші Еуразия әйелдер форумы жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды құ­жат қабылдады. Форумға қатысу­шы­лардың онда қамтылған, мемлекеттер мен халық­ара­лық ұйымдарды, әлем жұрт­шы­лығын шақырған істері: 

- мемлекеттік басқару сала­сында, дипломатиялық қыз­мет­те, бизнесте әйелдердің мансабы жолына қойылатын негізсіз кедергілерді жою; 
- әйелдердің экономикалық белсенділігін, цифрлы және қаржылық сауаттылығын арт­тыру бағытындағы арнаулы бағдарламалар әзірлеп, ілге­рі­лету және оларды басымдықтар ретінде халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің күн тәр­ті­біне қосу; 
- әйелдердің құқықтық, эконо­микалық, әлеуметтік мүм­кін­діктерін кеңейтуді заңна­малық тұрғыдан қамтамасыз етуге, отбасыны, ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, сапалы медициналық және әлеу­меттік көмектің көрсетілуіне жіті көңіл бөлу; 
- әйелдер үшін білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету­дегі әлемдік тәжірибені қол­дану; 
- жедел тергеу жүргізу, зорлық-зомбылыққа кінәлілерді қудалау мен жазалау, сондай-ақ тиісті жерінде зорлық-зомбылық құрбанына айналғандардың шеккен зардабының орнын толтыру және т.б. жолдар арқылы дау-шар жағдайы және даудан кейінгі ахуал кезеңінде әйелдер үшін сот әділеттігіне қолжетімділікті арттыру. 

Кездесуге қатысушылар ке­лесі форумды 2021 жылы өткі­зуді және оған Әйелдердің жа­һан­дық форумы мәртебесін беруді ұсынды.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова форум қорытындысы бойынша «МИР» мемлекетаралық телерадиокомпаниясына сұхбат берді. Онда форум туралы өз ой-пікірін ортаға салып, басқосу тақырыбының жаһандық форматта өте өзекті екенін айтты. 

Мемлекеттік хатшы Форум әлемдік деңгейдегі беделді іс-шара ретінде жетіле түскенін жеткізді. Биылғы форумның ерекшелігі сол, онда қауіпсіздік мә­селелері орнықты даму тұр­ғысынан қарастырылды. Әйел­дердің экономикалық және әлеу­­меттік қызметтегі жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ әйел­дер қоғамдастығының «БҰҰ – әйелдер», ШЫҰ, БРИКС, АТЭС, «Жиырманың тобы» (G20), Әйелдер «Жиырмалығы» (W20) тәрізді жаһандық және өңірлік интеграциялық бірлес­тік­тердегі рөлін күшейту жайы талқыланды. 

Жалпы, Мемлекеттік хатшы Г.Әб­ді­қалықованың Екінші Еуразия  әйелдер форумына қатысу үшін Санкт-Петербургке барған жұмыс сапары гендерлік мейнстримингтің қазіргі ахуалы, даму перспективалары төңірегіндегі ауқымды да маз­мұн­ды диалогтың өрбуіне зор септігін тигізді.
Форум ұлы тұлғаның ұлы сөздерін тағы да айқын айшық­тай түсті. Бұл ретте қазақтың әйгілі жырауы, «Ленинградтық өренім!» деген атақты толғау авторы Жамбыл Жабаевтың бір кезде: «Ел менен ел достасқан, ғасыры туды адамның» деп жырлағаны ойға оралады. 

Майраш КӨЗЖАНОВА,

Мемлекеттік хатшының хатшылығы 
меңгерушісінің орынбасары

Астана – Санкт-Петербург – Астана

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу