Үкімет • 25 Қыркүйек, 2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

924 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды қолдану туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

Арман Евниев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша АӨК-те бес жыл ішінде еңбек өнімділігінің артуы және қайта өңделген ауыл шарушылығы өнімдерінің экспорты кемінде 2,5 есеге өсуі көп дәрежеде АӨК-ті цифрландыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, цифрландыру аясында бүкіл республика бойынша кем дегенде 20 цифрлық ферма және 4000 дамыған фермалар құрылады және процестер мен мемлекеттік қызметтер жүз пайыз автоматтандырылады.

«Цифрландыру фермер және оның қызметін басынан бастап сатуға дейін жеңілдетуге бағытталады», — деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі. Сонымен қатар, АӨК цифрландыру процесінде жылдам онлайн-қарыз беру, ауа райын талдау және болжамдау, өсімдік өнімін жоспарлау, баға мониторингі және т.б. бойынша Канада, Түркия, Австралия, Германия, АҚШ сияқты елдердің тәжірибесін пайдалану көзделген.

Ведомство бастау кезеңінде фермердің ақпарат жинау, кеңес алу, оқу және т.б. кезіндегі кедергілерін автоматтандыру арқылы шешуді жоспарлап отыр. Мәселен, 2020 жылдан бастап жеке АT-компанияларды тарта отырып, онлайн оқытуды бастау жоспарлануда, бұл мұғалімдерді, курстарды оқу орталығына келмей-ақ таңдауға мүмкіндік береді де, фермерлердің уақытын және көліктік шығындарын азайтуға жол ашады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап онлайн-кеңес беру іске қосылады, ол фермерге кәсіпкерлік, фермерлік шаруашылық, агрономия, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б. бойынша қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді. 2019 жылы көктемгі дала жұмыстарын онлайн-несиелендіру бойынша пилоттық жоба өткізу жоспарлануда. 2021 жылы процесс толықтай автоматтандырылады.

А. Евниев бүгінгі күні аукциондар мен сауда-саттықта жерді алу процесі автоматтандырылмаған және жер телімдерінің ашық картасы жоқ екенін айтты. ҚР АШМ 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жеке облыстарда пилоттық режимде жер телімдерін тек қана электронды түрде беруді жоспарлануда, ал 2021 жылдан бастап процесті толығымен бастау көзделген. 2019 жылдың соңына дейін жер телімдерінің ашық картасын жасау жоспарланып отыр. Өндіріс кезеңінде фермерге субсидия алу, агрохимиялық талдау, ғарыштық мониторинг, нақты метео деректер және т.б. кезінде кездесетін кедергілер де автоматтандыру арқылы шешілетін болады.

ҚР АШМ деректеріне сәйкес, нақты егіншілік элементінің бірі болып табылатын танаптардың электронды карталарын құру аясында 23,7 млн гектар жер немесе егістіктің жалпы ауданының 98,8% цифрландырылған. Жылдың соңына дейін егістік жерлерді толық цифрландыруды аяқтау жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы тоғыз пилоттық шаруашылықта нақты егіншілікті қолдануды талдау үшін Қазақ агротехникалық университеті: техниканың мүмкіндерін тексерді, тыңайтқыштарды дифференциалды енгізуді іске асырды, электронды өріс картасын құрды, топырақтың агрохимиялық талдауын өткізді, егістіктердің арамшөп басу карталарын құрастырды. Фермерлерді жаңа технологияларды қолдануға үйрету «Қаскелең» агропаркі, А. Бараев атындағы астық шаруашылығы, «Заречный» ЖШС және Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі нақты егістік полигондарының негізінде жүргізілуде.

Жылдың соңына дейін нақты шаруа қожалықтары анықталып, оларды ет және сүт бағытындағы цифрлық фермалар деңгейіне дейін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осы жылдың соңына дейін жайылымдардың электрондық карталарын жасау жоспарланып отыр.

Нақты ауыл шаруашылығын енгізу аясында фермалардың үш деңгейі анықталды: цифрлық ферма, дамыған ферма және базалық ферма. Олар үшін қажетті элементтер жиынтығы белгіленген. Бұдан кейінгі жұмыс мемлекеттік қолдау шаралары арқылы фермерлердің өз деңгейін жоғарылатуға бағытталатын болады.

Евниев шаруашылықтардың цифрлық фермаға жету «эволюциясы» туралы баяндай отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі базалық деңгейге Е-АӨК бағдарламасы аясында барлық егістік алқаптарды цифрландыру және топырақтың агрохимиялық карталарын өзектендіру арқылы қол жеткізіліп отырғанын жеткізді.

«Бұдан кейін базалық деңгейдің мақсаты – ілгеріге өту, ал дамыған фермаға – цифрлық фермаға айналу қажет. "Цифрлық эволюцияның" тізбегі бүгінгі күнде әзірленген және фермерлер оларды қолданыла алады. Технологиялардың дамуына қарай элементтер жиынтығы толықтырылатын болады», — деді А. Евниев.

Егін егу және жиын-терім жұмыстарына дизельдік отынды электронды бөлу туралы айтар болсақ, А. Евниевтің айтуынша, жылдың соңына дейін Павлодар облысының әкімдігімен бірлесе онлайн-өтінім беру арқылы пилоттық жоба жүзеге асырылады.

«Қазірдің өзінде 16 594 тонна дизель отынын жөнелтуге арналған 537 электронды өтінім әзірленді. Жоба фермерлердің шығындарын азайтады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. 2019 жылы жобаны барлық жергілікті атқарушы органда енгізу жоспарланып отыр», — деді А. Евниев.

Бұдан өзге, бірінші вице-министр АӨК цифрландырудың «Е-Кооперация» порталын іске қосу, дәнді-дақылдарды электронды түрде сату, басымдықты терминалдар құрылысының, көтерме сауда орталықтарының логистика картасы, ел ішінде өнім жеткізілуінің мониторингіне арналған электронды ветеринарлық анықтамалар, астық теңгерімінің онлайн-мониторингі, астық бағасы бойынша статистика, нан қабылдау пунктерінің рейтингісі, электронды ветеринарлық және фитосанитарлық зертханалар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, фермерлер қызметінің барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін автоматтандыру арқылы жеңілдету жоспарланғаны аталып өтті.

«Бүгінгі таңда 101 мемлекеттік қызметтің 61-і ішінара автоматтандырылған және 1-і толық автоматтандырылған. Мемлекеттік қызметтерді таңдау бойынша ведомствоаралық комиссия бекіткен 98 мемлекеттік қызмет оңтайландырылды. Таяу уақытта 3 мемлекеттік қызметті оңтайландыру жоспарлануда. 2018 жылдың соңына дейін 16 мемлекеттік қызметті толық автоматтандыру, ал 2022 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр», — деді А. Евниев.

Қорытындылай келе, Арман Евниев АӨК цифрландырудан күтілетін экономикалық әсер туралы айтып берді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарланған іс-шаралар есебінен жалпы ішкі өнім өсімі 3 трлн астам теңгені құрайды. Онда агроөнеркәсіп кешенін цифрландырудың әсері 30% немесе шамамен 1 трлн теңге болады.

С. Сейфулллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз кезегінде оқу орны АӨК-ті цифрландыру бойынша екі бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Біріншісі — жер ресурстарын пайдалануға мониторинг жасау, екіншісі — өндіріске дәлме-дәл егіншілік технологияларын енгізу.

Жерді пайдалану процестеріне ғарыштық мониторинг жүргізу және алқаптарды цифрландыру жұмыстары жүргізілді. Жайылымдардың жағдайын анықтау әдістемесі игерілді. Ақмола облысыныі шаруашылықтарына алқаптардың электронды карталарын құру кезінде көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың баяндамалары тыңдалды.