Бизнес • 25 Қыркүйек, 2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жақсы өсім бар.

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева аймақ көлемінде тіркелген заңды тұлғалар саны – 10486 бірлікті, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 7513 бірлікті, белсенді заңды тұлғалар саны – 4458 бірлік құрағанын айтты.

Аймақ экономикасының негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісімен жыл басынан бері 350-ден аса кәсіпорын айналысып, 601,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген екен.

- Сонымен қатар, қағаз өнімін өндіруде 8 есе, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 66,2%, резеңке және пластмассалық бұйымдарды өндіру - 35%, жиһаз өндіру – 11,8% көбейгені байқалды, - деді департамент басшысы.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы