Ұлттық кардиохирургияда жүрек донорының тапшылығы қалай шешімін тауып жатыр?

Еліміздегі Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының  трансплантация бойынша күту пара­ғында ке­зекте тұрған науқастың саны – 100. Бірақ жүрек транс­плантациясын қажет ете­тін науқастардың саны іс жүзінде 300-ге дейін жетуі мүмкін дейді мамандар.

Егемен Қазақстан
26.09.2018 4147
2

Жаңа технология ашқан жол

Әлемдік ста­тистика Еуро­пада шамамен 15 млн адам жүрек жеткіліксіздігіне шал­дықса, оның 500 мыңға жуығы терминалды сатыдағы науқастар екенін алға тартады. Бұл әлемде жарты мил­лион адам жүрек трансплан­тациясына мұқтаж деген сөз.

Стэнфорд профессоры Норман Шам­вейд жүрек трансплантациясы әдісін ойлап тапқаннан кейін, тұңғыш трансплантацияны шәкірті Кристиан Барнард 1967 жылы Кейптаун қаласында (Оңтүстік Африка) 55 жастағы науқасқа жасаған болатын. Деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде шамамен 3500 жүрек трансплантациясы жасалады, оның жартысынан көбі АҚШ-та жүзеге асады. Тек Американың өзінде күніне донорға үлгермеген 
20 науқас қайтыс болса, күту парағына минут сайын бір адам кезекке жазылатын көрінеді. Елу жылдан астам уақыт ішінде осы әдіс қаншама науқастың көрер жарығын көбейтті. 

«Жыл сайын донорын күте алмаған 30-40 пациент жарық дүниемен қоштасады. Дәл қазір ургентті 6 науқас бар. Донордың жоқтығынан биыл біз небәрі 8 жүрек трансплантациясын  жасадық. Донор тапшылығы тек­ Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем­де үлкен мәселе болып отыр. Сол үшін жүрек трансплантациясына жоғары технологиялар көмекке келуде», дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бек­бо­сынова. 

Кардиологтің айтуынша, жүрек жет­кіліксіздігінің терми­налды сатысын емдейтін бұл клиникада жылына 200-ге дейін жүрек транс­план­тациясы жасалуы керек. «Жүрегін ауыстыруға мұқтаж пациенттердің саны жыл сайын артуда. Егер норманы орын­дасақ, жыл сайын 180-200 адамды құрауы тиіс. Елімізде кем дегенде 300 адам жүрек трансплантациясын қажет етеді деп ойлаймын. Өйткені науқастардың 70%-і тиісті ем қабылдамағандықтан қайтыс болады. Мұны әлемдік статис­тика да растап отыр. Біз де одан алысқа бар­май­мыз. Бізде бір жағынан донор тапшы­лығы бар болса, екінші жағынан бұл мәселенің моральдық-этикалық жағы бар. Донор болу үшін бір адамның қайтыс болып, өз жү­регін басқа адамға беруін күтетініміз рас. Осы тұрғыда өте үлкен эти­калық проб­лема да жоқ емес», дейді ол. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында халықтың өмір­ сүру ұзақтығының өсуі­не және медициналық технология­лар­дың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсе­тінін айтқан болатын. Соның бір көрінісі – өткен айда Ұлттық кардиохирургия орталығы әлем бо­йынша алғаш рет жасанды жүрек имплантациясын жасады. Бұл еліміздің ғалымдарын ғана емес, дүние жүзі дәрігерлерін де жалт қаратқан жаңалық болды. Іле-шала Астанада 18-19 қыркүйек күндері кардиология және кардиохирургия саласындағы ең соңғы ғылыми жобалар мен жасанды жүректі құрудағы инновациялық жобалар бойынша симпо­зиум өтіп, оған шетелдің 250-ге жуық кардиохирург ғалым қатысты. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя заманауи әлемдік медицинаға соны серпіліс әкелген CARMAT толық жасанды жүрегін имплантациялау тәжірибесімен бөлісті.  

Жүрек трансплантациясының жаңа әдісі – жасанды жүрек қарыншасы. Бұл бағдарлама клиника ашылған сәттен бері 7 жыл бойы қолданылып келеді. Медицинаға жүрек трансплантациясымен бірге енген бұл әдіс соңғы 20 жылда әлем бойынша қолданысқа ене бастады. «Бүгінде әлемде жүрек қарыншасы транс­плантациясының халықаралық тізімінде жасанды құрылғылар имплантациясы салынған 15000 пациент бар. Бұл жасанды сол жақ қарынша, оң жақ қарыншаның астындағы ұстап тұратын тірек, жүрек алынып тасталып, орнына механикалық жүрек салынған операция. Сол жақ қарыншаның имплантациясы 7-8 жыл өмір сүруге мүмкіндік берсе, әлем тәжірибесінде ол имплантация­мен 10-15 жыл өмір сүрген адамдар бар. Бірақ бізде бұл бағдарлама небәрі 7-8 жылдан бері қолданыста. Сондықтан ондай деректер әлі жоқ. Ал жаңағы 15000 нау­қастың 2%-іне механикалық жү­рек салынған. Біздің клиника­мызда осындай 3 операция жасалды. Донорларын күте ал­мауы мүмкін деген пациент­терге өмірлік көрсеткіштері бойынша механикалық жүрек орнатылды. Бірінші пациентке сегіз айдан соң, екінші пациентке бес айдан соң донор жүрегі транспланта­ция­ланды. Бұл әлемдегі кардиохирургия бойынша Қазақ­станның жасап отырған үлкен көмегі. Өйткені бүгінге дейін дүние­жүзі бойынша ондай операция­лар әлі жасалған жоқ», дейді М.Бекбосынова.

TAVI операциясы. Дәрігер­дің айтуынша, бұрын кардиохирургияда жүрек қақпақшаларына жасалған операциялардың бар­лығы төсті толық ашып жасалатын. Қазір мұндай операцияларды қантамыр арқылы жасауға мүмкіндік бар. «Мыса­лы, аорта қақпақшаларын қан­та­мыр арқылы ғана ауыстыратын деңгейге жеттік. Бұ­рын­­ғыдай тілудің қажеті жоқ, қан­тамыр арқылы жүрекке кіріп, қақ­пақшаны ауыстыра аламыз. Мұн­дай жағдайда пациент екі күннен соң клиникадан үйіне қайтады. Бұл әлемдік практика бүгінгі таңда Қазақстанға да жетті. Аорта қақпақшасына жасалатын операция TAVI деп аталады», деген клиника басшысының орынбасары Қазақстанда 3 жылдан бері осы әдіспен 150 шақты операция жасалғанын жеткізді. 

CARMAT – жасанды жү­рек. Ол Еуропалық Airbus SE аэроғарыштық және әуе қор­ғаныс концернімен ынтымақ­тас­тықта толығымен жасанды жүрек­ті өңдейтін француздық компанияның (CARMAT SA) атымен аталған. «Жүректі CARMAT-қа ауыстыру үшін пациент­тер медициналық көрсе­тілімдері ғана емес, анатомия­лық ерекшеліктері бойынша да сәйкес келуі тиіс. Бұл аппарат орта бойлы, кең иықты адамдарға арналып жасалған. Бұл болашақтың аппараты деп ойлаймын. Осы тәсіл бойынша 10 пациентке Франциядан тыс, 6 пациентке Францияда операция жасалды. Яғни, әлемде осындай 16 операция жасалды. Біз осы пациенттердің 3-інің біреуіне жүрек трансплантациясын жасаған әлемдегі жалғыз ел болып табыламыз. Бұл аппарат біздің қадағалауымыз барысын­да физиологиялық тұрғыдан табиғи жүрек­ке жақын қасиеттерін көр­сетті», дейді отандық мамандар.

Бізде балалар донорлығы бойынша заң жоқ

Аталған орталықта Балалар кардиологиясы және кардиохирургиясы бөлімі бар. Онда балаларды жүрек трансплантация­сына дайындайды. «Бізде балалар донорлығы тура­лы заң жоқ. Яғни, балалар қайтыс болғаннан кейін олардың ағза­ларын алуға рұқсат жоқ. Сон­дықтан біздің мемлекетімізде балалардың жүрегін трансплантациялау жасалмайды. Біз осы 6 жыл ішінде орындалған 68 трансплантация ішінде жүрек трансплантация­сы жасалған 15, 17 жастағы жасөспірімдер бар. Оларға ересек адамның донор­лық жүрегі салынды. Олар қа­зір ересек пациенттер тобында ба­қылауда. Бірақ біздің клиникамызда екі кішкентай балаға жасанды сол жақ қарыншаның трансплантациясы жасалды. Тараздық Жузель есімді қызға ота жасалғанына бір жыл болды. Ол 6 ай бойы біздің клиникамызда жатып, жасанды қарыншаны қолданып, Үндістандағы жүрек трансплантациясына кезегін күт­ті. Шетелге барып жүрек сал­дырған соң, қазір біздің орта­лық­та бақылауда тұр. Жақында екінші пациентіміз 12 жастағы қыз балаға сол жақ қарынша трансплантациясы жасалды», дейді М.Бекбосынова. 

Оңалту жұмысы ойдағыдай ма?

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы оңалтудың тек бас­тапқы сатысын ғана жүр­гізеді. Оған пациенттердің көп­тігі себеп. «Бұл өте маңызды мә­­селе. Өйткені орталық ен­ді ғана ашылған кезде бізді па­циент­­терді оңалтудың соңғы са­тысына шақыратын. Қазір біз оңалтудың тек бастапқы сатысын ғана жүргіземіз. Себебі кар­диохирургиялық операцияға мұқтаждардың саны өте көп. Соңғы оңалтуды аймақтардың өздеріне қалдырдық. Әр аймақта жүрек трансплантациясынан, им­­плантациясынан кейін жауап­ты кардиолог мамандар бар. Оңал­тудың ерте кезеңі, яғни па­­циентке операция жасалған уақытта науқаста қандай да бір ас­қынулар орын алса, біз бақы­лауымызда ұстаймыз», дейді маман.

Махаббат Сансызбайқызының айтуынша, оңалту стационар­лық, амбулаториялық-емханалық ке­зең және санаторлық-курорт­тық емдеу­ден тұрады. Алайда біз­дің елде мұның бар­лығы толық жүзеге асып отыр­­ған жоқ. «Дамы­ған мем­лекет­тердің бә­рін­де, мәселен, Германияда ин­­фаркке шал­дық­қан науқас то­лық сауығып кеткенше мемлекет ең­бекақысын, сақтандыруды төлеп, жұмыс орнын сақтап қалады. Оңал­ту қызметі болуы қажет. Егер бізде оңалту кезеңдері жолға қойылса, пациенттер ор­та­лығымызға қайта оралып ке­ліп отырады. Осы тұрғыда қазір Кәсіподақ ұйымдары тиіс­ті жұмысты қолға алуы тиіс. Адам­дарды оңалту, денсаулықты сақтау үшін санаторлық-курорт­тық аймақтар жөнге келтірілуде», дейді ол. 

Майгүл СҰЛТАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

15.10.2018

Жамбылда жүрек ауруына шалдыққандар көп

15.10.2018

Заңсыз мұнай тасымалының зардабы көп

15.10.2018

Иракта ауыз судан уланғандар саны 110 мыңнан асты

15.10.2018

Жаңа жүйе тың мүмкіндіктерге жол ашады

15.10.2018

Шұғыл көмек берудің тиімді үлгісі

15.10.2018

Санаға серпіліс қажет

15.10.2018

Астана агломерациясының дамуы кешеуілдеп тұр

15.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде курсанттардың әскери тағылымдамасы басталды

15.10.2018

Оңтайландырамыз деп ормандарды құртып алмайық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу