Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

Бүгін Мақтаарал және Жетісай аудандарының ұйымдастыруымен Мырзашөл өңірінде мақта терім науқанына арналған дәстүрлі «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Жиында қос ауданның әкімдері арнайы сөз сөйлеп, Мырзашөл өңірінің тұрғындарын жиын-терім науқанымен құттықтады, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Егемен Қазақстан
26.09.2018 6472
2

Салтанатты іс-шарада мақта қабылдау бекетіне ең бірінші болып келген Мақтаарал ауданына қарасты Иіржар ауылдық округінің тұрғыны Қайрат Мамақұлов 9 тонна ақ алтын өткізді. Бекеттің жұмысын бақылап, бірнеше таразды арнайы салыстырып тексерген аудан әкімдері өлшем құралының әділдігіне көз жеткізді. Осылайша мақта теру маусымы ресми түрде ашық деп жарияланды.   

Жалпы Мақтаарал ауданында 38 593 гектардан аса жерге мақта шиті себілген. Биыл орташа есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 10 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен болса, диқандар терім біткенше 80 мың тонна ақ ұлпа жинап алуды көздеп отыр. Ол үшін 251 терімшілер бригадасы, 40-тан аса комбайн мақта теру науқанына жұмылдырылған.

Мақтаның тезірек ашылуы үшін ауданда қазірдің өзінде 31 мың гектардан астам мақталық алқапқа дефолация шаралары жасалған. «Дробь плюс», «Авгурон экстра», «Коттон», «Реглон-супер» химикаттарының мақта жапырағын түсірудге тиімді әсері байқалуда.

«Көсектерге күн жақсы тиген соң тезірек ашылып жатыр. Көптеген шаруалар дефолиацияның пайдасын білмейді. «Мақта салмақ жоғалтады» деп оны жасаудан қашады. Көк көсектер күзде үсік шалғанда бір-ақ ашылады. Ондай мақтаның сапасы да болмайды» - деді мақтасын жинап жатқан шаруаның бірі Мейірбек Забынбеков.

Ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары технологиялық құрал-жабдықтары АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алынып, монтаждалған.

Өндірістік қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Қолданыстағы мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 пайызға қысқарған.

Зауыт мамандарының айтуынша, биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай. Бірақ зертхана тексеруі кезінде мақтаның ластығы мөлшерден көбейіп кетуде. Себебі, терімшілер қауашақ, көк жапырақ, шөп-шаламды араластырып тереді. Сол үшін зауыт басшылары мақташыларды таза өнім жинауға шақыруда.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

20.10.2018

Қостанайда зағиптар үшін жол құрылымы өзгереді

20.10.2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

19.10.2018

Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу