Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумын ашты

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Astana Media Weeк аясында өңірлік БАҚ форумын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты.

Дәурен Абаев өңірлік БАҚ форумын ашты

Дәурен Абаев аймақтық медианың маңыздылығын алға тартып:

«Биыл үшінші жыл өңірлік масс-медиа өкілдерінің басын қосып отырған форум Astana Media Weeк аясында өтіп жатқаны баршаңызға белгілі. Журналистер үшін, баспасөз қызметі мен ақпарат саласының басқа да мамандары үшін көптеген семинар-тренингтер өтті. Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда қазіргі күні өңірлік ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол - Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және рухани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру», деді.

Сонымен қатар аймақтық форумның мақсат-міндетін баса айтып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қандай шаралар жүргізіп жатырғаны жайлы бөлісті:

«Атап айтқанда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қазіргі эфирлық-цифрлық ақпарат, телерадиохабарларды таратуды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аймақтық форумның көздеген тағы бір мақсаты - ел тұрғындарының медиа сауаттылығын арттыру, медиа мәдениетін қалыптастыру. Жалпы, аймақтық журналистер тарапынан осындай мәселелер көтеріліп, оның белгілі бір деңгейде шешімін табуы форумның пайдалы тұсын аңғартады. Алдағы уақытта аймақтық форум өзара пікір мен тәжірибе алмасудың тұрақты алаңына айналады деп сенемін. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өңірлік масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әзір», деді министр.