27 Қыркүйек, 2018

Әріптесі жарақаттаған полиция қызметкері көз жұмды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда полиция қызметкері әріптесінің жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Әріптесі жарақаттаған полиция қызметкері көз жұмды

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оқты жарақат алған полиция қызметкерінің өмірін құтқара алмады. Әріптесіміз жасалған ота мен дәрігерлердің қолданған шараларына қарамастан, кешкі сағат 22:00-де жан тапсырды», деді ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Сонымен қатар, өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, изоляторға қамағанын айтты. Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін оқ атқан инспектор мен қаза тапқанның жақын туыс екені белгілі болған еді. Сәдубаевтың айтуынша, бұл оқиға жергілікті полиция қызметінің аумағында орын алған.