Футбол • 27 Қыркүйек, 2018

Ең нашар футболшылардың тізімі жарияланды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның әйгілі «Marca» басылымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең нашар ойнаған футболшылардың шартты құрамын жариялады. 

Ең нашар футболшылардың тізімі жарияланды

Бұл тізімге өткен маусымда сүреңсіз ойын өрнегімен жанкүйерлерді әбден мезі еткен Лорис Кариус («Ливерпуль»/«Бешикташ»), Леонардо Бонуччи («Милан»/ «Ювентус»), Виктор Нильссон-Линделеф («Манчестер Юнайтед»), Месут Өзіл («Арсенал», Лондон), Уэсли Снейдер («Ницца»/ «Аль-Гарафа»), Тьемуэ Бакайоко («Челси»/ «Милан»), Гансо («Севилья»/ «Амьен»), Алексис Санчес («Арсенал»/ «Манчестер Юнайтед»), Келечи Ихеаначо («Лестер Сити») және Лусиано Вьетто («Атлетико»/»Валенсия»/«Фулхэм») сынды ойыншылар енді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан