Берлинде қазақстандық суретшілер көрмесі ашылды

«Астық және раушан гүлдер» — бұл 1945 жылдан бастап қазіргі таңға дейінгі қазақстандық әйел-суретшілердің төрт буынының жұмыстарына жасалған зерттеу нәтижелері. Кураторлардың айтуынша, көрме қазақ өнерінің және мәдениетінің жаңа көрінісін және әлемдік бейнелеу өнері тұрғысындағы олардың кең түсінігін ұсынады.

Егемен Қазақстан
27.09.2018 2962
3333
2222
2222
Camille Blake

Поляк-америкалық кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы және әйелдер құқығының белсендісі Роза Шнайдерман ойлап тапқан «Астық және раушан гүлдер» термині әйелдердің теңдікке, мәдениетке және билікке деген құқығын, сондай-ақ өзекті қажеттіліктерді бейнелейді.

1930–1940 жылдар аралығындағы Қазақ КСР-ның күрделі тарихы және 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бері республиканың қарқынды дамуы еліміздің заманауи өнерінде айқын көрініс тапқан өзіндік идеялардың пайда болуына жол ашты. Көрменің кураторы Дэвид Эллиоттың айтуынша, көрме орыс авангардынан басталады, алайда экспозиция сәндік-қолданбалы өнер экспонаты — текеметпен ашылады.

«Авангардшылар өздерінің түрлі формалармен, композициямен және түсті таңдауда жасаған эксперименттерінде шынайылықтан алшақ кеткен, ал Қазақстанның халық шығармашылығында түрлі өрнек абстракцияның элементтері болған. Суретшілердің қазіргі буыны бейнелеу өнеріндегі жоғалып бара жатқан халық дәстүрлерін қайта жандандыруға тырысты», — деді ол.

Татьяна Глебова, Вера Ермолаева, Айша Ғалымбаева және Гүлфайруз Ысмайылова көрмеге суретшілердің аға буыны ретінде қатысуда. «Астық және раушан гүлдер» экспозициясының басым бөлігі 1980-90 жылдары пайда болған, бүгінгі күндері де дамып отырған өнерге арналған. Қазіргі заманғы өнердің осы «аналары», «әжелерінің» шығармашылығы елдің толағай тарихы мен жеке адамдардың көптеген теңдессіз оқиғаларын көрсетеді. Бұл әйелдер өз шығармашылығында дәстүрлі қазақ өнерінің, 1920-30 жылдардағы кеңестік авангардтың және социалистік реализмнің арасында өз шығармашылықтарын үйлестіріп, көпір салды.

Сәуле Сүлейменова целлофаннан жасалған шығармаларының сериясын ұсынды — «Остаточная память» туындысы тарихи толғанысқа және оны еске алуға арналған.

«Ашаршылық» атты еңбегі 1930 жылдары Қазақстандағы ұжымдастыру кезінде орын алған, ел халқының үштен бірінің өмірін жалмаған ашаршылық кезеңін еске түсіреді.

Сәуле суреткерлік тәжірибе арқылы тарихи толғаныстарды жеңу мүмкіндіктерін зерделейді. Көрменің тең жетекшісі болған Алмагүл Меңлібаева «Тоқамақ» және «Степное барокко» бейне инсталляцияларын ұсынды. «Тоқамақ» — 2017 жылы Курчатов қаласында орнатылған Тоқамақ реакторы бейнесінің сан алуан болып түрленуін қолданатын көпарналы видео.

Бұл видео Қазақстанның аумағында ядролық сынақтар жүргізілген кеңестік кезеңді еске салады. Бақыт Бүбіқанованың «Новогодние открытки» туындысында әйел басты орынға ие. Суретші әйелді композицияның ортасына орналастырып, оның қоғамдағы рөлі мен орны туралы сұрақтар қояды. Әйелдің жалаңаш денесі — әлеуметтік рөлдерді мәжбүрлеп таңуға қарсылық іспетті.

Арт алаңында әйелдер қауымы аз болған кезең артта қалды. Қазіргі әйел суретшілер түрлі медиаларды пайдалана отырып, өзін және айналадағы қоғамды суретшілік тәжірибе арқылы түсіндіру мүмкіндіктерін зерттейді, өзекті сұрақтар қояды, қабылданған нормаларға шүбәмен қарап, шығармашылық және жеке басының еркіндігін жақтайды.

Көрме Momentum коммерциялық емес заманауи өнер платформасымен серіктестікте ұйымдастырылған. Кураторлары — танымал халықаралық мамандар: Дэвид Эллиот, Редтори заманауи өнер музейінің директор орынбасары және аға кураторы Рейчел Ритц-Воллох, Momentum директоры және қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаева.

Көрмеде келесі суретшілердің еңбектері қойылған: Анар Әубәкір, Лидия Блинова, Бақыт Бүбіқанова, Ғания Шағатаева, Вера Ермолаева, Зоя Фалькова, Айша Ғалымбаева, Татьяна Глебова, Гүлфайруз Ысмайылова, Креол орталығы (Мария Вильковиская, Руфия Жендербекова), Ғайша Маданова, Айгерім Мәжітқан, Алмагүл Меңлібаева, Гүлнұр Мырзағалықова, Гүлнұр Мұқажанова, Катя Никонорова, Сәуле Сүлейменова, Гүлмарал Тәтібаева, Елена Воробьева, Наталья Дю.

Сондай-ақ, Берлинде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Momentum-мен серіктестікте арт-резиденция қатысушыларының көрмесі ашылды: Анар Әубәкір, Айгерім Оспанова, Ықылас Шайхиев, Лиля Ким, Сәуле Сүлейменова, Гүлмарал Тәтібаева, Бейбіт Әсемқұл.

«Фокус Қазақстан» жобасын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі ұйымдастыруда. Жоба жетекшісі — Леонид Кочетов, жоба кураторы — Роза Әбенова.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу