Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Еуроодақ Италияның бюджет жобасына қарсы

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның бюджет тапшылығының шектен шығуына Еуроодақ пен мемлекеттің экономика министрі наразы, деп хабарлайды Euronews.

Еуроодақ Италияның бюджет жобасына қарсы

Еуроодақтың қысымы мен нарықтың тепкісіне қарамастан, биліктегі екі басқарушы партия жалпы ішкі өнімнің 2%-дан жоғары бюджет тапшылығы жобасын бекітуге дайын.

Бұған дейін вице-премьер, «5 жұлдыз қозғалысы» басшысы Луиджи Ди Майо сайлауалды мәлімдемелерді орындау мен экономиканы дамыту үшін Үкімет жоғары, алайда Еуроодақ талаптарынан аспайтын, яғни 3%-дан аз бюджет тапшылығы жобасын қабылдауға әзір екенін айтты.

Бұл ұстанымды «Лига» басшысы, ішкі істер министрі Маттео Сальвини де құптады. Саясаткер бұл жолда тек сандар туралы ғана емес, азаматтардың да жағдайын ұмытпауға шақырды.

Италияның бюджет тапшылығының шектен шығуына Еуроодақ пен мемлекеттің экономика министрі Джованни Триа қарсы пікір танытуда. Оның айтуынша, бюджет тапшылығын 1,9%-дан өсіру экономикаға нұқсан келтіріп, мемлекеттің қарыз көрсеткішін бақылауға да кері әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда Италияның мемлекеттік қарызы Еуроодақтағы ең жоғарғылардың бірі. Мемлекет аймақтарындағы жұмыссыздық көрсеткіші 29%-ға жетіп отыр. Бұл ретте «Лига» салықтық реформа жасап, жеке тұлғалардың кіріс салығының мөлшерін бірыңғайлауды ұсынды. Ол жылдық кірісі 80 мың еуродан аз отбасыларға 15%, кірісі 80 мыңнан жоғары отбасылар үшін 20%-ды құрауы мүмкін.

Италия үкіметі келер жылдың бюджетін қазанның 20-на дейін бекітуі керек.