Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

Kogel жаңа топтамаларын ұсынды

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада алғаш рет Ресейдің сән индустриясының көш­басшылары озық топтамаларын ұсынды. Көпшіліктің сұранысына ие алдыңғы қатарлы дизайнер­лердің басын біріктірген Russian Fashion brands қос елдің жеңіл өнеркәсіп сала­сы­ның шағын және орта биз­неске арналған әлеуетін ке­ңінен таныстырды. 

Kogel жаңа топтамаларын ұсынды

Ресей экспорт орталығының халықаралық жобалар бойынша директоры Андрей Архипов мұндай іс-шаралар жеңіл өнер­кәсіп саласындағы екіжақты сауда қарым-қатынастарын дамы­тудың ықпалды механизмі еке­нін атап өтті. «Бүгінгі шараға Қазақ­стан нарығына қа­тысты нақты жоспары бар 25 ком­пания өкілдері шақырылған. Тұ­ты­нушылар қатары физикалық тұлға болғанымен, жұмыс істеуде нарықтың өз заңдылықтары бар екені белгілі. Осыған орай шағын және орта кәсіпкерлікке байланысты әзірленген нақтылы жос­парымызды ұсынып отырмыз. Шараға дайындық барысында өзара қызығушылық танытқан тараптар арасында келіссөздер жүргізілді», деді Андрей Архипов.

Іскерлік келіссөздер барысында Қазақстандық өндірушілер ресейлік әріптестерімен тәжі­рибе алмастыру арқылы тауар­лардың кеңінен таралу мә­селе­лерін талқылады. Kogel сән үйі­нің сату бойынша директоры Инга Файзуллаева мұндай шара­лардың тұтыну нарығын дамытуда маңызы зор екендігін айтады. 

– Қазақстандық әріптесте­рімізбен достық, іскерлік байланыс­тарды дамытып жат­қанымыз үшін өте қуа­ныш­тымыз. Біздің сән үйі кез келген уақытта ыңғайлылық пен жайлылықты бірінші орынға қояды. Үлкен мегаполисте таңертең үйден не киіп шығатының маңызды. Осыған орай біздің топтамамызда таңертең офиске, кешкісін мейрамханаға киіп баруға болатын көп функциялы киімдер бар. Ең бастысы қарапайым болса да көз тартарлық сәнді болуы маңызды. Қазақ қыз­дары өте сұлу. Біздің топтамамыз қазақстандықтардың ұлттық ұяң мінезіне дәл келетін сияқты, – деген ол күзгі трендте сұр, қара, қаракөк, ақ сынды классикалық түстерге басымдық бергенді жөн санайды.

Іс-шараны ұйымдастыруға Ресей Экспорт орталығы мемле­кет­тік институты, Астана әкімдігі, Астана қаласының кәсіпкерлер пала­тасы және «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС қолдау көрсетіп отыр. 

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»