Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2018

Қызылордада «Ата кәсіп –алтын мұра» атты облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Ата кәсіп – алтын мұра» атты V облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті.

Қызылордада «Ата кәсіп –алтын мұра» атты облыстық еңбек сабақтастығы форумы өтті

«Елбасының Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсіпті атадан балаға мирас етіп отырған қаншама отбасыларды облыста ғана емес, республика көлемінде таныта білдік. Біздің бүгінгі жас ұрпағымыз атакәсіпті жалғастырып, оның қыр-сырын отбасынан үйренсе, әрі қарай жалғастырса, мұның өзі бір тәрбие мектебі емес пе? Соның нәтижесінде өздеріңіз сияқты еңбек әулеттері қалыптасып жатса, бұл да бір ұлтымыздың рухани жаңғыруы болмақ», - деді форумның құттықтау сөзінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары, кәсіподақ ұйымдарының үздік жас мамандары және әртүрлі саладағы жастардың үздік тәлімгерлері белгілі болды.

Аймақтың үздік еңбек әулеттері салалар бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.