Кәсіпқой бокс • 29 Қыркүйек, 2018

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев «Чемпионатқа» берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде өткізу туралы өтініш беру жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін

Алдыңғы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы қыркүйектегі бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті, осылайша, Головкин карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырып, WBC, WBA (Супер) және IBO версиясы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды.

«Геннадийге реванш өткізуге кеңес берер едім. Соңына дейін күресу керек. Үшінші ретте Головкин оны жеңуі мүмкін деп ойлаймын. Жекпе-жектің Ресейде өткенін қалайсың ба? Геннадийге «Канеломен» үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізу туралы ұсыныс айтқалы жүрмін», - дейді Кремлев.

«Келесі жылы бокс форумы өтеді. Соңғы күні Головкиннің жекпе-жегін қойғымыз келеді. Ойланып, талқылап көреміз, мүмкін келісетін шығармыз. Форум маусымда болады. Кейінірек барлық мәліметті бөлек жариялаймыз. Әзірше тіпті өтетін аймақты таңдағанымыз жоқ. Таяудағы конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын», деді ол сұхбатында.

Еске салайық, Головкин ақпанда Сочиде өткен бірінші халықаралық бокс форумының келбеті болған. Қазақстандық карьерасында сегіз елде жекпе-жек өткізген, бірақ Ресейде рингке шықпаған. Мұның алдында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Ол 2019 жылы болуы мүмкін.