Қоғам • 01 Қазан, 2018

«Рухани жаңғыру» жобалары жалғасады

587 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Рухани жаңғыру» жобалары жалғасады

Шара барысында Президент Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгеру­шісі А.Балаева, Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Ақпарат және комму­никация­лар министрі Д.Абаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлова, Алма­ты қаласы және Шығыс Қазақстан облыс­тары әкім­дерінің орынбасарлары сөз сөйледі. 

Семинар-кеңестің жұмы­сын ашқан Қоғамдық даму министрі Дархан Кәле­таев «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасы халық­тың өткені мен бүгінін һәм болаша­­ғын байланыстыруға бағыт­талған ауқым­ды платформа екендігін атап өтті.  «Атал­ған бағдарламада қоғам өмірі­нің барлық саласы қамтылған. Сондық­тан бағ­дарламаға барша құры­лым­­дар­дың белсенді қаты­суын қамтамасыз етуіміз қажет», деді Дархан Кәлетаев.

Білім және ғылым ми­нистрі Ерлан Сағадиев «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында үш негізгі жоба – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»; «Қазақ тілін латын графикасына көшіру»; «Туған жер» жобаларының жүзе­ге асырылып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта қазақ тіліне аударылған 17 кітаптың 170 мың данасы еліміздегі бар­лық ЖОО-ға тегін тара­тылды. Электронды нұс­қасы 100kitap.kz сайтына шығарылған. Оқулықтар ЖОО-да философия, мәде­ниет­тану, педагогика, психология, социология, тарих, дінтану пәндерін оқыту кезін­де базалық оқулықтар ретінде қолданатын болады, деді Сағадиев.

Министр Ерлан Сағадиев­тің айтуынша, жоғары оқу­ орын­дары сегіз кредит ар­қылы аталған жаңа оқулық­тарды қолданып, жаңа гума­нитарлық білім беруге тиіс. Осы жылдың аяғына дейін мұғалімдерді даярлауға ар­нал­ған видеолардың циклы шығарылады. Бүгінгі таңда тағы 30 кітап аударылып, баспаларға жіберіл­ген.  

Ақпарат және коммуни­кациялар министрі Дәурен Абаев  «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы бойынша жүзе­ге асқан жобаларға тоқталды. «Министрлік Қазақ­стан халқы Ассамблея­сымен бірігіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асырып отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында жобаның бірінші кезеңі аяқталған-ды. Жобаны әрі қарай жүзеге асыру мақсатында біздің министрлік мемлекеттік орган­дардың ұсынысы негі­зін­де екі бағыттан тұра­тын жол картасын жасады. Біріншісі қоғамда жаһан­дану құндылықтарын алға жылжытуды көздейтін ақ­парат­тық иммидждік нау­қан өткізу; Екінші жұмыс – жоба жеңім­паздарының қоғамға пайдалы бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету», деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бірінші бағыт бойынша бүгінгі таңда 102 теленовелла түсірілген. Қазір жобаның әр жеңімпазы туралы аймақтық арналарда теленовеллалар көрсетілуде. Жоба жеңімпаздарының қатысуымен 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. 

Семинар-кеңес жұмысы барысында Дархан Кәлетаев меценаттық мәдениетті дамыту үшін жыл сайын Меценат­тар мен донорлар форумын ұйымдастыруды және осы форум аясында арнайы ұлттық сыйлық тағайын­дау­ды ұсынды. 

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»