Саясат • 02 Қазан, 2018

Түркия заң жобасына қосымша өзгерістер енгізу жоспары ұсынылды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның соңғы премьер-министрі, Түркия Парламентінің төрағасы Бинали Йылдырым мемлекет Конституциясына енгізілген өзгерістерді нақтылау үшін қосымша өзгерістер енгізу жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Түркияның Cumhuriyet газеті. 

Түркия заң жобасына қосымша өзгерістер енгізу жоспары ұсынылды

Ұсыныс мемлекеттегі министрлер кабинеті мен олардың міндеттері туралы қосымшалардан тұрады. Йылдырымның айтуы бойынша, Президент көмекшілері мен министрлер тағайындалған бірінші күннен бастап ант қабылдауы тиіс.  Сонымен қатар, төрағалар кеңесі Түркия Парламентінің төрағасы немесе төраға орынбасарының басқаруымен саяси партиялар төрағалары немесе орынбасарларынан тұратын болады. Парламент комиссиясына Ассамблея мүшелері қатыса алатыны туралы, сонымен қатар депутаттар шешімімен керек болған жағдайда басқа да құзырлы органдар мен заң органдарының өкілдері де қатысуы мүмкін. 

Бұдан басқа, Парламент комиссиясы министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардан заңның жүзеге асуы туралы ақпарат талап ете алуы да көрсетілген.