Саясат • 03 Қазан, 2018

Финляндияның бұрынғы үкімет басшысы Еурокомиссияның төрағалығына үміткер

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның бұрынғы премьер-министрі Александр Стубб Еурокомиссияның төрағалығына үмітті, деп хабарлайды Euronews.

Финляндияның бұрынғы үкімет басшысы Еурокомиссияның төрағалығына үміткер

Стубб – Еуропа ұлттық партиясының өкілі. Мамыр айында өтетін сайлаудың жоспарымен бөлісті:
«Егер Еурокомиссияның басшысы болсам, бұл институттағы әйелдер санын көбейтуге тырысамын. Бұл үлкен әрі ұзақ жол. Баррозаның кезінде комиссар әйелдер саны өте аз еді. Жан-Клод Юнкер кезінде әйелдер саны арта бастады. Әйелдер толық құрамның 40%-ын құраса жақсы болар еді. Бұл тым болмаса Еуропаның имиджіне жақсы әсер етер еді. Финляндия үкіметін басқарғанымда үкімет құрамының жартысынан көбі әйелдер еді. Мен онымен мақтанамын» деді үміткер.

Одан басқа технологиялық революция шаралары, көші-қон мәселелері, жұмысшылар проблемасы туралы ойларымен бөлісті.