Иманжүсіп Құтпанұлының фотосуреті қалай табылған?

Газет бетіне жарияланып отырған мына сурет биыл туғанына 155 жыл толып отырған қазақтың қаһарман арыстарының бірі Иманжүсіп Құтпанұлының шынайы бейнесі. Бұл жәдігерге ұзақ жыл іздеу салып, ақыры тәңірдің бұйрығымен ойда-жоқта тауып алған адам – батырдың немересі Раушан Нұрқанқызы апамыз. Фотоның нұсқасы қазір елорда іргесінде орналасқан Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта  мектептің  музей-кабинетінде сақтаулы тұр. 

Егемен Қазақстан
03.10.2018 3235
2

Раушан ханымның айтуынша, Иманжүсіптің фотосы барын оның кенже ұлы Нұрхан ағамыз білген. Жарықтық 1992 жылы дүниеден өтер алдында қызы Раушанды шақырып алып, қолына Имекеңнің ақталғаны туралы мәлімет бар төрт парақ қағазды ұстатып, «қызым саған мына құжат аманат, осыны қолыңа ал да, атаңның ізіне түс, тарихын түгенде!» дей отырып: – Әуелі айтарым, біздің үйде бертінге дейін тәтемнің (әкесі Иманжүсіпті айтады) фотосы болды. Оның тарихы былай: әулетіміз Шиелі өңіріне ор­­ныққан соң, бір күні тәтем мені алдына алып Ақмешітке барды. Бұл 1927 жылдың аяғы-тын. Ол тұста қала Қызылорда атанып, астана мәртебесін алған кез. Осы жылы Қазан төң­керісінің 10 жылдық датасы Қызылордада атап өтілетін болып, қайраткер-жазушы Сәкен Сейфуллин бұл тойға әкем Иманжүсіпті құрметті қонақ ре­тінде шақырған екен. Осы басқосу кезінде Сәкен аға және оның қасында бір жолдасы бәріміз фотоға түскен едік. Мен тәтемнің алдында отырдым. Ол сурет сол тұста газетке де шық­қан болатын. Соны іздеп тап деп аманаттапты.

Реті келгенде айта кеткен жөн шығар, 1927 жылы Сәкен мен Иманжүсіп Қызылорда қаласында кездескені жайлы сәкентанушы ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің де еңбектерінде айтылады. Сонымен қатар жаңа­арқалық қаламгер Сейфул­лин­нің төл шәкірті Жұмабай Ор­манбаевтың ертеде «Жұлдыз» журналында жарияланған «Бір сапарға шыққанымда» атты деректі очеркінде жоғарыдағы қос арыстың жүздесуі жайлы толық баяндалған. 
Сонымен сөз басында ай­тылған фото тарихына қайта ора­лайық. Тарихи бейнені іздеуші Раушан Нұрханқызы әуелі әкесі айтқан Сәкен ағаның жолдасы кім екенін анықтауға тырысқан. Сөйтсе бұл адам Сәкеннің шәкірті жоғарыдағы Жұмабай Орманбаев екен. Кезінде бұл кісі халық батыры Имекеңді кейіпкер ете отырып «Дала перзенттері» атты көлемді кітап та жазыпты. Бұл туынды күні бүгін баспа бетін көрмеген. Шығарманың 500 беттік машинкаға басылған қолжазба нұсқасы Раушан апамыздың қолында сақтаулы тұр. Осы кітапта батырдың түр-тұлғасын: «Иманжүсіптің тұлғасы кесек, жуантық емес сидалау, қапсағай көрінді. Қолмен қойғандай иегіне ға­на біткен селдірлеу ұзынша сақалы, жебелі мұрты көк бурыл тартыпты. Жанары таймаған үлкен көзді, сәл шолақтау қыр мұрынды, ат жақты, ашаң қара сұр жүзді байсалды да, ойлы тәрізді. Жарты қарыс салалы саусақтары жуан да сүйрік. Үстінде қара көк мәуітіден сұлу тігілген бешпент, шалбар, аяғында әміркен кебіс-мәсі, басында қара барқыт топы...» деп суреттепті. Бұл кезде Иман­жүсіп алпыс жеті жаста екен. Ал мына фотоға зер салып қарасаңыз жоғарыдағы суреттемеде айтылған сипаттар толық аңғарылып тұр.

Фото Раушан апамыздың қолына қалай түсті? – Шамамен 1990-шы жылдардың аяғында, – дейді Р.Нұрханқызы, атамыздың әнін орындап жүр­ген үлкен әнші Қайрат Бай­босыновқа жолығуға бардық. Ол кезде Қайрат ағамыз Жү­сіпбек Елібеков атындағы Рес­публикалық эстрда-цирк кол­леджінің директоры бола­тын. Мекеме ішінде халық ком­позиторларының суреттері жап­сырылған қарапайым көр­ме-стенд бар екен. Осылардың ішінен бұрын еш жерде кездес­пеген атамның мына фотосын көріп қалдым да, оны аттай қалап сұрап алдым. Бұл фото мұнда қайдан жүр, бұған дейін неге көрмедім, деген сұрақтар мазалай бастады. Сөйтіп аталмыш фотоның ізіне түстім.

Үздіксіз ізденудің нәти­жесінде фотоның қайдан та­былғаны анықталған. Ай­талық, атақты әнші Жәнібек Кәрменов 1970 жылдардың ортасында іс сапармен Ле­нин­градқа барып, қаладағы көне газет-журналдар қоры сақталған архив-кітапханада аз уақыт жұмыс істеген. Әсіресе ерте кезде жа­­рық көрген қазақ басылымда­рын қарап шыққан. Сөйтіп отырып, бір газеттен жоғарыда Нұр­қан ақсақал айтқан 1927 жылғы фотоны көріп қалады. Отырған адамның Иманжүсіп екенін білген соң, ертеңінде қалтасына шағын фотоаппарат алып кіріп, тек Имекеңнің басын түсіріп алады. Жәкең елге келген соң фотоны үлкейтіп шығарған да, көрме-стендке іліп қойған. Раушан көргенге дейін сонда тұрған.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу