Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Назарда – аграрлық сала

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе облысында болды.

Назарда – аграрлық сала

Аталған палата комитетінің төр­аға­сы Жеңіс Нұрғалиевтің төраға­лығымен облыс орта­лығында комитеттің «Жер жә­не жер қой­науын пайдалану ту­ралы» к­одексті іске асыру мәсе­лелері бо­­йынша көшпелі оты­рысы болды. Комитет төр­аға­сы Ж.Нұрғалиев Ақтөбе облы­сы жер қойнауын пайдалану бойын­ша жоғарғы деңгейдегі ірі аймақ­тардың бірі екенін ай­та келіп, комитет отырысын өнді­рісті аймақта өткізудің маңызына тоқ­талды. 

Ақтөбе облысының әкімі Бер­дібек Сапар­баев пайдалы қаз­баларды өнді­руші компания­лардың Ақтө­бе облысының эко­номикасы­на қос­қан үлесі туралы сенаторлар­ды ха­бар­дар етті. Облыста осы ко­дексті іске асыру және жер қой­науын пайдаланушы­лар барлық келі­сім­шарт міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келе­ді. Сондай-ақ облыс басшы­сы аймақтың әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуының көрсет­кіштері туралы әңгімеледі. 

Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев «Жер қойнауын пайдалану қыз­метін ынталандырудың құқық­тық тетіктері» туралы баянда­ма жасады. Баяндамада жер қой­науын пайдалану мәселелері жө­ніндегі заңнаманың негізгі мәсе­лелері қамтылды. Депутат 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер және жер қойнауын пайдала­ну туралы» кодекстің тұжырым­да­масына және осы мәселе бойынша заңнамаға енгізілген негізгі құқықтық жаңалықтарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ кодексті және ілеспе заңды іске асыру бо­йынша алдағы қабылданатын ша­ралар туралы айтылды. 

Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Дос­мұ­­хамбетов, Инвестициялар жә­не даму министрлігінің жер қой­­науын пайдалану департа­мен­тінің директоры Руслан Бай­­мишев тақырып бойынша бағы­нышты мекемелердің қағи­да­лары туралы баяндады. 

Парламентшілер облыс ор­та­лығында ауылшаруашылық өнім­дерін өндірушілермен де кез­десіп, аймақтың аграрлық са­ла­сының жетістіктерімен жан-жақты танысты. 

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин кездесуде баяндама жасап, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ал­тыншы шақырылымдағы Пар­ла­мент­тің төртінші сессия­сы­ның ашылуындағы сөйле­ген сө­зінде сақтандыру, аграр­лық мін­дет­теме, несиелік серіктес­тік­терді дамыту, сондай-ақ вете­ри­нариялық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша агроөнеркәсіп саласындағы заң­наманы одан әрі жетілдіру мін­детін алға қойғанын атап өтті. 

Бұдан соң депутаттар Алға ауданындағы «АМК» ет ком­б­инаты, «АкТеп» мал шаруа­шылығы кешені мен «Париж­ская Коммуна-ХХІ» серіктес­тік­терінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ Ақтөбедегі «Ай­бек» ӘКК және «Гринхаус Казах­стан» жылыжай кешенінде бол­­ды. Қарғалы ауданындағы «Ар­да­ғым» мекемесінде депу­тат­­тарға жергілікті тоған ша­руа­шылығында уылдырық өндіруде заманауи технологиялардың пайдаланылуы көрсетілді. 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар