Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Маңғыстауда ҚХА жанынан кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблея хатшылықтары меңгерушілерімен бірге отырыс өткен. Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында бірнеше тапсырмалар берді.

Маңғыстауда ҚХА жанынан кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

Соның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Кәсіпкерлер қауымдастығының филиалдарын ашу және жергілікті кәсіпкерлер-этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелерін тарту. Аталмыш тапсырманы іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында кәсіпкерлер-этномәдени бірлестіктердің қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Мақсаты: жергілікті кәсіпкерлерге  Елбасының Кәсіпкерлер қауымдастығын құру туралы тапсырмасын түсіндіру, қауымдастық құру және төраға сайлау.

Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығын ашу және іске асыру тапсырмасы бойынша  МО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина сөйледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы «Интеграцияланған қауіпсіздік жүйесі» компаниясының директоры Тангиев Джамбулат Сұлтанұлы, төраға орынбасарлары МО ҚХА меценаты Шакенова Дәметкен және «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Андреева Лилия Георгиевна сайланды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы