Аймақтар • 05 Қазан, 2018

Қостанай облысында 27 979 мүмкіндігі шектеулі жан бар

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында 27 979 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл барлық тұрғынның 3,2 пайызы. Жыл сайын облыста 2 мың мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуден өтеді.

Қостанай облысында 27 979 мүмкіндігі шектеулі жан бар

2012 жылдан бастап елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқын қамтамасыз ету өмір сапасын жақсартудың Ұлттық шаралар жоспары сатылап жүзеге асып жатқаны белгілі. Қазір облыста 2016-2018 жылдарға арналған Жоспардың үшінші сатысы шеңберінде жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл 179 нысанға мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау белгілінген.

«Біз биыл Қостанай облысын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз өңір етеміз деуге әлі ерте. Әлі көптеген нысандар, кәсіпорындар мен мекемелер, көпшілік орындар мүгедек жандар кедергісіз кіріп-шыға алатындай жағдай жасаған жоқ. Сондықтан осы мәселе шешімін табу үшін бүкіл қоғам атсалысуы керек» деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков.

Мұрат Тілемісұлы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында балалардың кебеюінің байқалатынын, ол балалардағы аурулардың ерте анықталуына да байланысты екенін айтты. І-П мүгедектік топтағы балалар саны жоғары болып отыр. Жыл басынан бергі сегіз айда мүгедек балалардың саны 1436 болған. Жыл басынан бері 16 жасқа дейінгі 221 бала мүгедектік топтарға бірінші рет тіркелген. Олардың арасында алдыңғы орынды психикалық ауытқу, негізінен іштен туған аутизм ауруы алады. Екінші орынды іштен ауытқушылықпен туғандар, үшінші орынды балалардың жүйке жүйесінің ауруы, яғни сал ауруы алады. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай