Хоккей • 05 Қазан, 2018

Үш жеңістен кейінгі жеңіліс

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынап жүрген Астананың «Барыс» командасы өз алаңында Мәскеудің ЦСКА клубын қабылдап, овертаймда 2:3 нәтижесімен есе жіберді.  

Үш жеңістен кейінгі жеңіліс

Ойындағы есепті бірінші болып қонақ команданың ойыншысы ашып, ұжымын алға шығарды. Матчтың екінші кезеңінде «Барыс» ойыншысы Акользин есепті теңестірген болатын, алайда Андронов ЦСКА-ны қайта алға оздырды. 

Кездесудің аяқталуына екі минут қал­ғанда «Барыс» сапынан Боченски есепті теңестірген еді. Бірақ овертаймда ЦСКА сан басымдығын ұтымды пайдаланып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті.  Енді «Барыс» жексенбі күні Братиславаның «Слован» командасымен ойнайды.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар