Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Шымкентте Сенат депутаттарының сайлауы өтті

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Парламент Сенатының депутаттарының сайлауы өтті. Қалалық мәслихаттың 29 депутаты үміткер ретінде тіркелген 6 кандидаттың арасынан өз таңдауын жасады.

Шымкентте Сенат депутаттарының сайлауы өтті

Республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан алғаш рет Сенатқа депутаттыққа ұсынылған үміткерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы филиалының қызметін қолдау басқармасының бастығы Серік Алданов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров , «Global A» ЖШС директоры Бижан Жылкелдиев, «Манкент шипажайы» АҚ бас директорының орынбасары Ғани Қарабеков, уақытша жұмыссыз Дархан Сатыбалды және «Шымкент-сауда» ЖШС директоры Асқарбек Үркімбаев болды.

Ал сайлау қортындысы бойынша Дархан Сатыбалды 21 дауыспен, Нұрлан Бекназаров 21 дауыспен жеңіске жетті. Шымкент қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Марс Елекеевтің мәлімдеуінше, сайлау барысында барлық заң рәсімдері сақталды. Заң талаптарына сəйкес, Орталық сайлау комиссиясы 7 күннен соң шешімін шығарып, депутаттарға тиісті мандатын береді.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Шымкент