Қазақстан • 05 Қазан, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын тамашалады

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көгілдір экранның алдына «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық офицерлері мен сержанттары, сарбаздары мен азаматтық персоналы жиналды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Елбасы Жолдауын тамашалады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің толық құрамы мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тамашалады.

- Жолдау – мемлекетіміздің маңызды құжаты, әрі оқиғасы болып табылады. Бүгінгі жаһандағы қалыптасқан ахуалды ескере отыра, бұл жолдауды өте орынды және уақытылы деп санаймын. Әскери қызметшілерімізде осы Жолдаудан кейін мемлекетіміздің жауынгерлік даярлығын нығайтып, әскеріміздің әлеуетін арттыруға қосымша жігер мен күш пайда болады деп ойлаймын, деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров.

- Мемлекет басшысы өз жолдауында түрлі векторларға басымдылық жасау қажеттігін ескерді. Ол жыл сайын, Жолдаудың орынды және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы болуы үшін түрлі бағыттармен толықтырып отырады. Әскери қызметшілеріміз болса, Жолдауда айтылған жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, білім алу, азаматтардың «Рухани жаңғыруына» белсенді атсалысып, қолдайды деп санаймын, деді қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Серік Сейітбаев.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы