Қазақстан • 06 Қазан, 2018

Алуа Жолдыбалина: Азаматтардың қауіпсіздігіне айрықша мән беріліп отыр

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алуа Жолдыбалина: Азаматтардың қауіпсіздігіне айрықша мән беріліп отыр

Елбасының биылғы Жол­дауы соңғы уақыттарда қоғамда ең көп талқыланып жүрген мәселелерді қозғап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынуымен маңызды. Соның ішінде құқық қорғау органдарын жаңғырту туралы тапсырмасы көпшілік көңілінен шыққан мәселенің бірі болды деп ойлаймын.

Жалпы, Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау жүйе­сін жаңғыртуды жіті назар­да ұс­тап келе жатқаны белгі­лі. Яғни, саланың жаңғыруы кешелі-бүгін емес, ілгеріде басталған реформалар жүзеге асты. Мәселен, 2011 жылы Ішкі істер министрлігі­нің мін­детіне кірмейтін кейбір меди­циналық, халыққа қызмет ету орталықтары және басқа да қыз­мет түрлерін Әділет және Ден­саулық сақтау министр­­­­лік­терінің құзыретіне берген еді. Бұл жұмыстар тізбегі әлі де жалғасуда.

Екінші бір айта кететін жайт, ішкі істер құрылымының өзгер­тілуі. Жолдауда Президент ерек­ше тоқталып өткен тағы бір мәселе – полиция қыз­мет­керінің стандарты және оның жұмысының тиімділігін бағалау. Олардың лауазымын өсіру, аттестациядан өткізу және бас­қалары бұл саладағы ілгері­леушіліктерге негіз болуы тиіс. 

Кезекті Жолдаудың қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын өсіру­ге бағытталғанына тағы бір мәрте куә болдық. Онда аза­мат­тарымыздың әл-ауқатын, табысын қорғау үшін қауіпсіздік сала­сына да ерекше мән беріл­ді. Ал қауіпсіздік полиция қызметкерінің кәсіби деңгейіне байланысты екені ақиқат. Сол себепті Елбасы полиция қыз­меткерінің деңгейін өсіруге мән беру арқылы, қоғамдағы өзекті мәселені дөп басып отыр. Мұ­ның барлығы қоғамдағы әрбір мәселе, оны шешу жолдары әрдайым Елбасының назарында екенін байқатады.

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы