Аймақтар • 06 Қазан, 2018

"Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын!" атты республикалық айтыс мәреге жетті

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын!" атты республикалық айтыс мәреге жетті

Қостанайда "Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын!" деген атпен өткен республикалық айтыс мәреге жетті. Араға он жыл салып, Қостанайдағы жыр сүйер қауымды ынтықтырып жеткен айтыстың бас жүлдесін Мұxтар Ниязов жеңіп алды. Жеңімпазға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытында құрастырылған "Пежо" автокөлігін сыйға тартты.

Үшінші орынды екі ақын – Марат Аxметов пен Мейірбек Сұлтанxан бөлісті, оларға 500 мың теңгеден табысталды. Екінші орын алған Айбек Қалиев пен Қазірет Бердіxанға 600 мың теңгеден, бірінші орынды алған Шұғайып Сезімxанға 800 мың теңге табысталды. Қалған ақындар 200 мың теңгеден ынталандыру сыйлығына ие болды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай   

Соңғы жаңалықтар