Аймақтар • 06 Қазан, 2018

Елордада Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

565 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

 

Астанада 6-7 қазанға жоспарланған Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елордада Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызылордалық өндірушілерідің 380 тонна әртүрлі өнімдері - 120 тонна бақша дақылдары, 90 тонна күріш, 15 тонна балық, 15 тонна жылқы, сиыр және қой еті, 6 тонна сүт өнімдері, 50 тонна көкөніс, қияр және қызанақ, 4 тонна жеміс-жидек пен тұз ұсынылады.

Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында 6-7 қазан күндері сағат 9.00-18.00 аралығында болады. Сонымен қатар, мұнда облыстық филармония әртістерінің концерті де ұйымдастырылады.

Соңғы 5 жылда облыстың жалпы ішкі өніміндегі ауылшаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға дейін, ауылшаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі - 22,8, азық-түлік өндірісі - 5,3, ет өндірісі - 2,7, сүт - 2,4, жұмыртқа 396 есеге өсіп отыр.

Сондай-ақ, 2018-2022 жылдарға арналған аймақтың Агрокартасы  әзірленіп, Агрокартаның іс-шаралар жоспары бойынша жалпы сомасы 7,0 млрд. теңге болатын 10 инвестициялық жобаны іске асыру қолға алынды.

Облыста өсімдік шаруашылығы өнімдерін әртараптандыру қарқынды жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда жем-шөп және майлы дақылдар 18 мың гектарға (2014 жылмен салыстырғанда) артты. 2017 жылы облыстың күрішшілері 500 мың тонна рекордтық өнім жинады.

Өндірістік негізде картоп, көкөніс және бақша дақылдары өндіріледі. Биыл Қызылордада испан технологиясы бойынша автоматтандырылған жылыжай кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен тағы 20 жылыжай салу және қызанақ өндіретін ірі жобалардың бірін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта түрік сорттарына сынақ жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың соңында сүт өнімдерін өндіру үшін 1200 бас асыл тұқымды малға арналған сүт фермасын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы Шиелі ауданында бірінші құс фабрикасы өз жұмысын бастаса, Қызылорда қаласында да 2 құс фабрикасы пайдалануға берілді. Биыл Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ӘКК-мен бірге жылына қуаттылығы 1500 тонна өнім шығара алатын  құс еті зауытының құрылысы басталды. Жыл соңына қарай «Сыр Маржаны» ет өңдеу зауытының құрылысы жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты 37 пайызға, оның ішінде күріш экспорты 39 пайызға артты, ал  бақша дақылдары - 3,5 есеге, көкөністер экспорты - 2 есеге өсті. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап Сафлор мұнайының Қытайға экспорты басталды және жыл соңына дейін 500 тонна сафлор майы экспортталады.