Аймақтар • 08 Қазан, 2018

Алюминийдің 60-миллионыншы тоннасы өндірілді

871 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та  алюминийдің 60-миллионыншы тоннасы өндірілді. Бүгінде отандық алюминий тотығы  Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропа елдеріне жіберілуде.

Алюминийдің 60-миллионыншы тоннасы өндірілді

Алтынай Жақиянова

Компания боксит өндіреді, оны өңдеу арқылы металлургиялық глинозем алады. Кәсіпорын 1,5 млн тонна глинозем өндіреді. Компания құрамында «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Майқайыңдағы «Керегетас» әктас кеніші, Қостанайдағы Краснооктябрь, Торғай боксит кен басқармалары бар.

– Атаулы  мерейтойлық тоннаның шығарылымы-бұл металлургтердің отандық экономиканың дамуына үлес қосқан еңбектері. Өйткені, бүгінде алюминий кластері-еліміздің металлургия саласының басты тірегі – дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті Роман Романов.

Ал, облыс  орталығының шеткі жағында да орналасқан «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ - еліміздегі өндірістің негізі. Жыл басынан бері 750 мың тонна глинозем, 2 миллионлн. тонна боксит, 1 млн. тонна әктас, 127 мың тонна алюминий өндіріліген.

Жалпы, алюминий күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл металл екені белгілі. Оңай иіледі, тоттанбайды, электр тоғын жақсы өткізеді. Ұшақтан бастап, қасық, азық-түлік орайтын алюминий қағазына (фольга) дейін күнделікті өмірде қолданылады. Автобөлшектерді, авиақозғалтқышты, көлік дискілерін жасау үшін алюминийге кремний, мыс, магний қосады.

Өндіріс мамандарының айтуынша, кәсіпорынның ерекшелігі алюминий тотығын құрамдастырылған бірізді «Байер-жентектеу» әдісімен өндіреді. Бұл әдіс-әлем бойынша біздің қазақстандық алюминий зауытында ғана қолданылады. Байер әдісі-боксит шикізатының химиялық құрамына байланысты  жүзеге асады. Зауытта алюминий тотығын шикізат даярлау цехы, гидрометаллургия цехы, жентектеу цехында өндіріледі. Кәсіпорын өндірген алюминий тотығы- электролиз зауытына жөнелтіледі.

Жалпы, алып кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуатты қолдауға,  қолданыстағы өндірістік нысандарды қайта құру мен жаңғыртуға, құрылғыларды жөндеп, жаңартуға бағытталған. Биылғы  жылы 25,5 млрд теңге инвестиция құйылды. Зауытта іске қосылған жобалардың қатары да аз емес. Мысалы, гидрометаллургиялық цехтың төртінші телімінде буландырғыш қондырғының іске қосылды. Жоба кәсіпорынының инвестициялық бағдарламасының аясында өндірістік тиімділікті және жоспарлы-алдын алу жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталды.

Бұдан бөлек, глинозем өндірісіндегі технологиялық үрдістің сенімділігін, үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін  шаралар жалғасуда. Газ тазарту қондырғысын қайта жаңарту жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламасын іске асыру басталды. Электрсүзгілер біртіндеп еуропалық стандарттардың талаптарына сай келетін заманауи қондырғыларға алмастырылады. Кәсіпорынға қарасты жылу электр орталығының қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында қажетті замануи технологияларды орнату үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Күні кешегі «Қазақстандықтардың  әл- ауқатының өсуі- табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын  Елбасы Жолдауында еліміздің жаһандық бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан əрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз»делінді. Және де «Экспортқа бағыт талған индустрияландыру мəселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс...» деген  жолдар бар.  

Бұл күндері  «Қазақстан алюминийі» АҚ зауытында  өндірістік саланы цифрландыру жолында, жаңа технологиялар енгізілуде. Еліміз бойынша алдыңғы қатарлы осындай кәсіпорындар әрі қарай дами берсе-олардың айналасында кіші және орта кәсіпкерлік топтасатыны да сөзсіз.

Сонымен бірге, кәсіпорын облыс  орталығының 40 пайызын жылумен қамтамасыз ететін жылу электр стансасын  басқарады. ERG компаниясы мен облыстық әкімдік арасында жасалған меморандумға сәйкес, жыл сайын жаңа спорт нысандары ашылып, көпқабатты үйлер бой көтеруде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар