Аймақтар • 08 Қазан, 2018

Ақтөбеде «Интернетсіз бір күн» ак­­циясы өтті

5807 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заман талабына сай әрбір адамның компьютер мен интернеттің қыр-сырын білгеніне не жетсін. Бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды.

Ақтөбеде «Интернетсіз бір күн» ак­­циясы өтті

Ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде. Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділіктің салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, тіпті жазу мәдениеті де төмендеп барады. Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Әйтсе де жастарымыз интернеттің жақсы тұсын тиімді пайдаланғаны дұрыс.

Жуырда С.Жиенбаев атын­дағы облыстық жас­өспі­рімдер кітапханасында «Интернетсіз бір күн» ак­­циясы өтті. Шараның мақсаты – жастардың ден­саулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ық­палы­нан қорғауға атсалысу. Сонымен бірге кітап оқу­ға үндеу, кітапхана жа­­ны­нан ашылған үйірме, клубтармен таныстыру. Жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткі­зуге баулу.

Шараны Ақтөбе облы­сы­ның мәдениет, архив­тер және құжаттама бас­қармасының бас маманы Гүлжан Мейір­ханқызы ашып берді. Со­ны­мен қатар «ISMER» этно­мә­дени қолөнер үйір­ме­сінің тұсаукесері өтті. Сөз сөйлеген қонақтар ин­тернеттің қазіргі за­манға сай тиімді байланыс құралы болғанымен, оның да зиянды тұстары бар екендігін айтып, жас­тарды кітап оқуға, бос уа­қыттарын тиімді пай­да­лануы үшін кітап­хана клубтарына, үйір­меге жазылуға шақыр­ды. Шараға Ақтөбе облысының үкі­меттік емес ұйымдар қауым­дас­тығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері, №16 мектеп оқу­шылары, клуб мүше­лері қатысты. Кітап­ханашылар тек кітап­пен қам­тамасыз етіп қоймай, әртүрлі клуб­тарға жетекшілік етеді. Жас­өспірімдердің бос у­а­қы­тын тиімді пайда­лануына көмек­теседі. Ак­цияға кі­тапхананың «Ақ қауыр­сын», «Шапа­ғат», «Ал­тын өлке», «Бүр­кіт», «Сыр­­ғалым», «Старт» клуб­­тарының мүше­лері қа­тысты. Әр клуб мүшелері өздеріне беріл­ген тапсырманы орын­дады. Инна Горобец «Родина моя Ка­­захстан», Игорь Кот­лобовский «Вот голубой как небо флаг», Аманшиева Томирис «Казахстан – это имя страны» өлеңдерін оқыса, ал Манат Закеев «Қазақ елі» әнін орындады. 

Гүлжан ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ,

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері

АҚТӨБЕ