Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Елордамызға ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер келеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордамызға ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер келеді

10-11 қазан күндері Томас Гремингер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бірқатар шараларға қатысады.

«Сапар барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен және Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесулер өткізеді. Сол кезде Қазақстан мен аталған ұйым арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланады. Томас Гремингер Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияның ашылуына қатысады», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Бұдан бөлек, Сербия президенті Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары жоспарланған. Ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысады деп күтілуде.