Қоғам • 09 Қазан, 2018

Казбек Мамсуров: Жемқорлықсыз қоғам – ел дамуының кепілі

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Казбек Мамсуров: Жемқорлықсыз қоғам – ел дамуының кепілі

Елбасы Жолдауы әрқайсы­­­­сымыздың жарқын келешегімізге арналып отыр. Бүгінде Қазақ­стан халқы 18 миллионға жетті десек, әрбір тұрғынның өзін­дік ауырт­палығы, өзіндік қиындығы бар. Сондықтан да әрбір азаматтың басындағы мәселелерді бірле­се шешіп, бір-бірімізге түсініс­тік­пен қарап, бірлескен күш-жігер таныта білгенде ғана қоғам әлде­қайда алға жылжиды деп білемін. 

Бүгінде әлемнің озық елде­рі­­нің көшіне ілесуде жеткен же­тіс­­­тіктеріміз аз емес. Алайда тағы да алға жылжып, дами беру Қа­зақ­­­станның әлемдік деңгейдегі беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сон­дықтан да әрбір қазақстандық өзінің дамуы, білім алуы мен ден­саулығын сақтау жолындағы әрекет­теріне сергек қарауы тиіс. Сергектік зор серпін тудырса, серпін бізді алға ұмтылуға жете­лейді. Ал әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі бала­­­бақ­шадан бастау алуға тиіс. Осы орай­да аға буын өкілдері мен жас­тар ара­сын­дағы сабақтастықтың да рөлі ай­рықша. Қоғамның ересек өкіл­дері жас өскінді ел келешегі үшін қыз­мет етуге жұмылдыруға тиіс. Қай саланы алсақ та әрбір аза­мат­тың дамуына ешқандай ке­дер­гілер болмауы қажет. Осы тұр­ғы­дан алғанда жемқорлықпен күрес­ті күшейту баршамызға ортақ міндет дер едім. Жастар осы­нау зайырлы қоғамнан өзінің жар­қын келешегін барлай алатын болса, онда еліміздің алар асуы әлі алда. 

Казбек МАМСУРОВ,

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары