Саясат • 10 Қазан, 2018

Толеранттылық пен үйлесім жолы деп атауға болады – Чунь И

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Съезде сөз алған Қытай буддистері төрағасының орынбасары Чунь И Қазақстанда әртүрлі дін өкілдері болғанына қарамастан дін саясатындағы реформалары әлем елдеріне үлгі екенін айтты.

Толеранттылық пен үйлесім жолы деп атауға болады – Чунь И

«Мақсаттары бір адамдарды үлкен биік таулар да бөле алмайды деген жақсы мақал бар. Қазіргі кезде әртүрлі діндер мен мәдениеттер бір мақсатты мүдде тұтқан ортақ қоғамға бірігуі тиіс. Діндер мен мәдениеттер қазір Азия мен Еуропада да басын біріктірген негізгі одаққа айналып отыр. Қазақстан бірінші рет осы бір белдеу, бір жол деген негізгі бастаманы алғаш рет ұсынған болатын. Ол осы мүддесі, мақсаты бір халықтардың қауымдастығы болып табылады», деді Чунь И.

Оның айтуынша, дін көшбасшыларының бас қосуы Бастамасы әртүрлі діни мәдениеттерді біріктіруде және де әртүрлі діни интеграциялардың басын біріктірудегі негізгі бағдарлама болып отыр.

«Ол осы соңғы онжылдықтардың ішінде өркениеттерді біріктірудегі табысты жол деп айтуға болады. Бұл бір жол, бір белдеу атты бағдарлама көрсетіп отырғандай Қытай бүкіл әлемге бейбіт даму мен бейбіт реформалаудың негізгі түжырымдамасын ұсына алатынын көрсетіп отыр», деді Қытай буддистері төрағасының орынбасары.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»