Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Алтынбек Әмірғалиев: Еңбек адамы – мемлекет тірегі екені түйінделген

718 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауы тайға таңба басқандай нақтылығымен әрі алда тұрған міндеттер мен іргелі істерді қапысыз шегендей білуімен құнды. Мұнда қазақстандықтарға қатысты өз шешімін күтіп тұрған түйінді мәселелер түгелдей дерлік қамтылған.

Алтынбек Әмірғалиев: Еңбек адамы – мемлекет тірегі екені түйінделген

Сондай-ақ алдағы 2019 жылға арналған басты бағдарламалық құжаттың елдегі барлық отбасыға қатысы бар екені де айқын көрінеді. Бұған өмір сүруге орнықты да жайлы жағдай туғызу, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жөнінде ең көкейкесті мәселелердің өзек болғаны айқын айғақ.

Елбасының бұған дейінгі қызметі мен жүргізіп отырған саясаты еңбек адамының мәртебесі мен мерейін өсіруге, оның есімін ардақтауға арналып келе жатқаны дәлелдеуді қажет етпейді. Ия, еңбек – бәрін де жаңбек. Осыған орайлас айтар ойымның басты негізі осы кезекті Жолдауында да Президент еңбек адамы мемлекетіміздің басты тірегі екенін тағы бір мәрте түйіндеп бергенін жеткізу еді. Еңбек ұжымдарында жұмыс жасайтын азаматардың еңбегі мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйым –кәсіподақтар қозғалысының өңірдегі өкілі ретінде бұл мәселе елдік даму мен өркениет көшіне бет бұрудың басты бір жолы деп түсінемін.

Жолдау жолдарына зер салып терең үңіле қараған әр адам мұнда еңбек адамы мәртебесін одан әрі көтеруге бағытталған бағдар тұрғанына айқын көз жеткізе алады. Ең бастысы Жолдау әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі тереңдете түсуге дем беруімен де ерекшелене алады. Жұмыссызы жоқ бірде-бір мемлекте бломайды. Бұның өзі – табиғи заңдылық. Ал сол жұмыссыздардың санын азайту жөнінде шаралар белгіленсе – бұл басқа бір әңгіменің еншісі. Түптей келгенде Жолдау осы бір әлеуметтік мәселені алға қоюыменде айырықша. Бұған шағын және орта бизнестің өрісін өсіру, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының екінші тынысын ашу және ауыл азаматтарына шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету жөнінде белгіленген іс-қмыл жоспарлары дәлел.

Жалақы мөлшерін көбейту жөнінде Елбасы тарапынан үкіметке берілген тапсырмалардың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары. Өндірістік кәсіпорындарда қызмет жасайтын жұмысшылардың, сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысы өсуі –Елбасы тарапынан олардың еңбегінің лайықты түрде бағалануы деп ұғынғанымыз жөн. Бұл олар үшін материалдық және моральдық тұрғыдан үлкен қолдау мен стимул бола алады. Ал тұтастай алғанда Мемлекет Басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған терең маңызды Жолдауы еліміздің одан әрі өсіп-өркендей түсуіне елеулі септігін тигізеді деп білеміз.

Алтынбек Әмірғалиев,

Ақтөбе облысындағы кәсіподақтар орталығыың төрағасы

АҚТӨБЕ