Білімді жасқа жол ашық - Айшуақ Дәрменұлы

Мемлекет басшысы 5 қазан күні жариялаған Жолдауда «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды», деп тапсырды. Болашақта қызметкер өз мамандығын бес-алты рет өзгертуге тура келеді. Ғалымдардың болжамы бойынша, 2020 жылдың өзінде 5 млн адам жұмыссыз қалады екен. Қатал еңбек нарығында үздіксіз дамуды таңдаған маман ғана сұранысқа ие болады.

Егемен Қазақстан
11.10.2018 2894
2

Кеше Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне АҚШ елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі көмекшісі Лэнс Эриксон арнайы сапармен келді. Стратегиялық даму жөніндегі проректор Қ.Шүнкеев елшілік өкілінің сапарына сәттілік тілеп, оқу ордасының даму жоспарымен таныстырды.

Кездесуде Жұбанов университеті мен АҚШ ғылыми орталықтары, жоғары оқу орындары арасында байланыстарды нығайту, біріккен ғылыми жобаларды көбейту, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы талқыланды. Халықаралық ынтымақтастық орталығының бастығы Гүлжан Шоқым оқытушылар мен студенттерге қатысты бірнеше жобаны баяндап, ұсыныстарын айтты.

Лэнс Эриксон: «Қазақстанға келгеніме үш ай болды. Ғылым және мәдениет саласын зерттеп, жұмыс жоспарын пысықтап жатырмыз. Келуімнің басты мақсаты - университетпен жақынырақ танысу, американдық оқу орындарымен қарым-қатынас орнатуға көмектесу, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ елшілігінің оқу бағдарламалары туралы ақпарат тарату», деді.

Кездесуден соң Лэнс Эриксон Студенттер сарайында «Education USA Fair 2018» көрмесін аралады. АҚШ елшілігі, Халықаралық білім берудің Америкалық кеңесі қатысуымен ұйымдастырылған көрменің ерекшелігі - АҚШ колледждері мен университеттеріне түсу жолдары туралы ақтөбелік жастарға толық мағлұмат бере алды. Бакалавриат, магистратура мен докторантураға шақырған он бес түрлі оқу орындары ішінде мемлекеттік және жекеменшік, әлемдік рейтингте алғашқы ондықта тұрған танымал ЖОО мен тып-тыныш қалашықта орналасқан колледждер бар.

Америкалық білім жүйесінің алуан түрлі ұсыныстарын шолып шыққан мыңдаған студенттер мен оқушылар сұрақтарын емін-еркін ағылшын тілінде қойып жатыр. АҚШ-тан келген өкілдер мен еріктілер (волонтер) мықтап дайындалып келген екен, жарнамалық буклеттер мен кәдесыйларын таратып, мейілінше түсіндіріп бақты. Көрмеден соң Лэнс Эриксон бастаған өкілдер Студенттер сарайының көрермендер залында АҚШ білім жүйесі, талапкерлер үшін қажетті құжаттар, елшілік тарапынан көрсетілетін көмек жолдары туралы баяндап, сұрақтарға жауап берді. Үш тілділік саясаттың жемісін мектеп оқушылары көрсетті. «Ағылшын тілін кім еркін түсінеді?» деген сұраққа көрермендердің басым бөлігі қол көтерді. Сұрақтарын қойып, тікелей сұхбаттасып отыр. «Шет тілдерін білмеу - адамның өз мүмкіндігін шектеуі» деген осындайда еске түседі.

Қ.Жұбанов атындағы университет аймақтағы ғылым-білім потенциалының  үлкен орталығы. Оқу-білімге, ғылыми жаңалықтарға қатысты жиындар, маңызды кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Аймақтағы даму мен сұраныс бағытын саралап, керекті мамандарды ел ішінен де, шетелден де шақырып, қызметкерлердің білімін жетілдіріп отыратын жақсы дәстүр қалыптасқан.

Айшуақ ДӘРМЕНҰЛЫ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

Халықаралық ынтымақтастық орталығының аға ғылыми қызметкері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

14.12.2018

Отырарда Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ пен ескерткіш ашылды

14.12.2018

Қарағанды облысының «Жыл мұғалімі» белгілі болды

14.12.2018

Бүркітшілер олжалы оралды

14.12.2018

Азат елдің бағы да жоғары

14.12.2018

Көк ту рухымызды көтерді

14.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

14.12.2018

Әл-Айннан олжалы оралды

14.12.2018

Ғасырлар бойы армандаған азаттық

14.12.2018

«Куньлунь РС» клубынан басым түсті

14.12.2018

Оралда «Жаһанша оқулары» өтті

14.12.2018

Әнұранды асқақтатқан саңлақтар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу