Спорт • 12 Қазан, 2018

Ел қоржыны екі медальмен толықты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында көркем гимнастика мен дзюдо спортынан жарыстар аяқталды. Аталған спорт түрлерінен соңғы жарыс күнінде гимнаст Роза Абитова күміс, дзюдошы Бекарыс Сәдуақас қола жүлде иеленді.  

Ел қоржыны екі медальмен толықты

Роза Абитова финалға шыққан сегіз спортшының қатарына ене алмай, финалдан тыс қалған болатын. Бірақ ұйым­дастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрініп, отандасымыз күміс жүлдені олжалады.

Ал дзюдошылар арасында соңғы бәсекеде спортшылар бірнеше командаға бөлініп, белдескен болатын. Отандасымыз Бекарыс Сәдуақастың «Лондон» командасы жартылай финалда «Бейжің» командасынан жеңіліп, үшінші орынды қанағат тұтты.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»