Футбол • 12 Қазан, 2018

Артурас Карашаускас: Латвия мен Қазақстан чемпионаттары бір деңгейде

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвия - Қазақстан ойыны алдында Латвия құрамасында ойнайтын "Ақжайық" ойыншысы Артур Карашаускас тілшілер сауалына жауап берді. 

Артурас Карашаускас: Латвия мен Қазақстан чемпионаттары бір деңгейде

- Қазақстан біріншілігінде ойнап жүргеніме бірнеше ай болды. Қазақстан мен Латвияның ішкі біріншіліктері бір деңгейде деп айта аламын. Қазақстан құрамасында ойнайтын футболшыларды ойын барысында көргенім болмаса, олардың ешқайсысымен таныс емеспін. Деңгей жағынан қазақ ойыншылары біздің жігіттерден асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Біз Қазақстанмен осыдан үш жыл бұрын ойнаған едік. Ол ойын қазір тарих қойнауына кеткен. Қазір бізде мүлде өзге команда десем де болады.

- Біздің топтың фавориті кім деп санайсыз?

- Біздің топта үш команда да біркелкі деңгейдің командалары. Грузия да, Қазақстан да Латвиядан бір бас жоғары деп айта алмас едім. Сондықтан да, осы үш команданың келесі кезеңге кез-келгені шығуы мүмкін.