Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018

Тапсырмалардың орындалуы – біздің қолымызда!

461 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тапсырмалардың орындалуы – біздің қолымызда!

Ынтымақ пен бірлік, бей­бітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің еліміз әлемдік кеңістікте өз орнын айқындады. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың өмір сүру сапасы да жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған түрлі бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Мемлекет барлық бағытқа үздіксіз өз тарапынан барынша қолдау көрсетіп келеді. 

Қарапайым қазақстандықтар­дың әл-ауқатын арттыру одан әрі жалғасын таба бермек. Жолдау мәтінінде нақты міндеттер атап көрсетіліп, тиісті органдарға нақ­ты тапсырмалар берілді. Өз кезе­­гінде бұл барлық сала жұмы­сына тың серпін әкелері анық.

Жолдау ұстаздар қауымы үшін тың жаңалықтарға толы бол­ды. Қазіргі таңда ұстаздардың ­мәр­тебесін көтеру – маңызды мә­­селелердің бірі. Мұғалім бі­лім беру үдерісіне қатысы жоқ жұ­­­мыстар­ға тартылмауын қа­да­­ғалап тап­сырды. Әрі мұ­ны ауыз­­­­ша емес, нақты құжат тү­рінде «Пе­да­гог мәрте­бесі ту­ра­­лы» заң қабылдау жөнін­де­гі бас­­та­ма көтерді. Бұл баста­ма – қазақ­­стан­дық ұстаздар қауы­мы­ның қо­ғамдағы беделін арттырып, орнын айқындауға зор қадам болмақ.

Елбасы нарықта тек жоғары білім бере алатын жоғары оқу орындарының сапасы мен бәсе­кеге қабілеттілігі жайында сөз қозғап, білікті, білімді кадрлар даярлауда және технологиялық дамыған елдердегі ғылыми жұмыстар жүйесінде жоғары оқу орындарының үлкен маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ауылшаруашылық өнімдерін арттыру мәселелері де Жолдаудың басты тақырыптарының бірі болды. «Ауыл – ел бесігі» атты бағ­дар­лама іске асырыла бастайтынын хабарлады. 

Ел асыға күткен оң жаңалық­тарға толы бағдарламада: «Жас­тар мен отбасы институтын ке­шен­ді қолдау – мемлекеттік сая­сат­тың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік саты­ның ауқымды платформасын қа­лыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жа­риялауды ұсынамын», деді Пре­зидент. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған Елбасының идеясы – ел жастарына күш-жігер беріп, қиялдарына қанат бітіреді. 

Ел тұрғындарының үштен бірі жастар болғандықтан, ке­лесі жылды «Жастар жылы» деп жа­риялаудың да маңызы өте зор болмақ. Ана ретінде бала­ла­­рымның болашағы үшін маңыз­ды жаңалықтардан хабардар болғаныма қуаныштымын. Жас отбасыларға көрсетілетін қол­дау, баспанамен қамтамасыз ету, сту­денттердің сапалы бі­лім алуын қамтамасыз ету мен олар­­дың жұмысқа орналасуы жайлы тапсырмалары көптің кө­кейінде жүрген сауал. Көп­теген отбасыларға, әсіресе жас­тарға Қазақстанның әр аза­ма­тының баспанамен қам­та­масыз етілуін көздейтін Бас­пана­мен қамтудың «7-20-25» бағдар­ла­­­ма­­­сының қолжетімділігі арта түсті. Бюджеттік салаларда істей­тін қызметкерлерге сер­ти­фи­кат таратылуы, тұрғын­дардың бағ­­дарламаға деген қы­зығушы­лы­ғын арттыра тү­се­тіні анық. Өзім бюджеттік салада істе­ген­дік­тен, бюджеттік мекемелерде қыз­мет атқаратын қызметкерлер жала­қысын 35 пайызға өсіруі қуантты. 

Тәуелсіздігімізді сақтап, мем­лекетімізді өркендету жолында Елбасы айқындаған стра­­тегиялық бағытты әрдайым ұс­тансақ, ұлы істерді, жетістік­терді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Бұл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті. Сон­дай-ақ Жолдауда зейнеткер­лердің зейнетақысын көтеру, дәрігерлердің жалақысын көтеру, полиция мен сот қызметін же­тілдіру, адам қауіпсіздігін қамта­масыз ету мен мемлекеттік қыз­мет көрсету ісін дамыту да назардан тыс қалмады. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсетіні де елге қуанышты хабар болды. 

«Әрбір қазақстандық жүр­гізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, олардың Ота­ны­мызды өркендету жо­лындағы ма­ңызын жете түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болады. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді», деді Елбасы. Ел игілігі жо­лында атқарылып жатқан игі­лікті істерге жалпы қоғам болып қолдау білдіріп, айқын баста­малардың іске асуына өз үлесі­мізді қосайық. Сонда ғана біз­дің Қазақстан ата-бабамыз арман­даған қуатты елге айналары сөзсіз.

Жанар АЙТКУЖИНА, 

Ақмола облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі,

Көкшетау қалалық қазақ кітапханасының меңгерушісі