Бизнес • 16 Қазан, 2018

Қостанай облысында өнімді өңдеу секторы 53 проценттен асты

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың 9 айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуын қорытындылағанда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде барлық сала бойынша өсудің болғанын мәлім етті. 

Қостанай облысында өнімді өңдеу секторы 53 проценттен асты

Әсіресе, оның ішінде өнімді өңдеу саласы қарқын алды. Облыста осыдан 2-3 жыл бұрын өңдеу секторы шикізат өндіруді басып оза бастаған болатын.

«Жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылайтын боламыз. Облыста соңғы жылдары өнім өңдеу өнеркәсібіне маңыз бердік. Бұл Елбасы Жолдауларындағы тапсырмаға сәйкес жүріп отырды. Өңдеу секторы бұдан бірнеше жыл бұрын 29 процент болатын, қазір оның облыс  экономикасындағы үлесі 53,3 процентке жетті.

Биыл облыста 7772 автокөлік шығарылды, ал 2 жыл бұрын оның саны 2000 болатын. Жыл аяғына дейін тағы да 11 000 автомобиль сапқа қойылатын болады. Келесі 2019 жылы оның санын 25 мыңға жеткізетін боламыз. Құрылыс индустриясы да дамып келеді», деді Архимед Бегежанұлы.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай