Әйгілі әншінің 130 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерейтойлық шаралар 17 қазанда сағат 16:00-де облыс орталығындағы «Юбилейный» кинотеатрында шығармашылық интеллигения мен басты рөлдерді сомдаған актерлардың қатысуымен өтетін «Әміре» көркем фильмінің көрсетілімінен және кешке, сағат 19:00-де «Ертiс концерт» залында фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінен басталады. «18-20 қазанда Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде Әміре Қашаубаев атындағы республикалық фестивальдің конкурстық күндері өтеді.
21 қазан күні сағат 19.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері мен өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерт және қатысушыларды марапаттау рәсімі болады», - дейді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН