БҚО-да екі жылда 110 елдімекенге таза су тартылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жыл ішінде 110 елдімекенге таза су тартылды. Жақында Жаңақала топтық су құбыры құрылысы пайдалануға берілді. Бұл құбыр 8 ауылға ауыз су жеткізеді. Сондай-ақ Қазталов ауданының Талдыапан ауылына да «Ақбұлақтың» құбыры жетті.

Егемен Қазақстан
16.10.2018 8119
3333
2222
2222
2222
Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Көгілдір отынның қызығын 1970 жылдардан бастап көре бастаған Жаңақалада көптен шешілмей келе жатқан бір түйткіл – осы таза су еді. Өйткені аудан аумағынан қоры мол су көзі табылмаған. Су тазартқыш арқылы ашық көлден тартылған судың сапасы сын көтермеді. Сөйтіп 2017 жылы тамыз айында «Құлшық» жерасты су көзінен Жаңақала топтық су құбырының құрылысы басталды. Оған тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі, Су ресурстары комитеті болса, бас мердігер – «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС. Жобалық құны 2 млрд. 522 млн. теңге болатын құрылыстың келісім шарт бойынша аяқталу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы еді. Міне, бір жылдан сәл асатын уақыт ішінде үлкен жұмыс атқарылып, аудан тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды.

Бұл топтық су құбырынан Жаңақала ауданының Жаңақазан, Жуалыой, Мәстексай, Мұқыр, Жаңажол, Сарыкөл, Жаңақала, Көпжасар ауылдары тұрғындары таза ауыз су алатын болады. Бұл дегеніңіз – 16 мыңнан аса тұрғын! Құбырдың жалпы ұзындығы 150 шақырым, су жинайтын резервуар сыйымдылығы 2000 текше метр. Электр желілерінің ұзындығы 32 шақырым.

Қазіргі таңда Құлшық құмдағы су көзі басында орналасқан алты су ұңғымасы, тұрғын үй, электр желілерінің құрылысы, сондай-ақ, Жуалыой елді мекенінде орналасқан екінші насос станциясының құрылысы толық аяқталды. Жуалыой елді мекеніндегі 86 үйге су құбыры тартылды.

- Бұл көптен күткен қуанышты жағдай. Елбасы Жолдауында ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру сапасын көтеруді жүктеп, міндеттеген болатын. Себебі, біздің өңір халқының тең жартысы аудандар мен ауылдарда тұрады. Ауылда адам өмірінің сапасына әсер ететін бірден-бір нәрсе – ауыз су, жол, газ. Жаңақалада да таза ауыз су талай жылдан бері «жыр» болып келе жатқан мәселе еді. Бұл мәселені мен Елбасыға баяндадым, ол қолдады. Соның нәтижесінде 110 елді мекен немесе 2000 шақырым су құбыры тартылды. Ең бастысы таза ауыз су болса, адамның денсаулығына да пайдалы болады, өмір сүру сапасы да артады. Сондықтан, сапалы ауыз судың игілігін, пайдасын өздеріңіз көріңіздер, - деді Жаңақала топтық су құбыры құрылысының ашылу салтанатына арнайы келген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Өңір басшысы осынау үлкен құрылысты сапалы атқарып шыққаны үшін «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры В.Крыловқа алғыс айтты.

Жаңақала ауданы тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуы 54,8%-дан 82%-ға өсті.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы – еліміз бойынша таза сумен ең нашар қамтылған өңір саналатын. Екі жыл бұрын батысқазақстандықтардың 64%-ы сапалы су тұтына алмайтыны анықталған. Осы кезеңде атқарылған жұмыстар нәтижесінде қазір бұл көрсеткіш 55%-ға түсті. Жүргізілген су құбырларының ұзындығы 2 мың шақырымға жетті.

Жаңақалалықтармен қатар таза суға қол жеткізіп, көңілі көтеріліп отырған ауылдың бірі – Қазталов ауданына қарасты Талдыапан елдімекені. Бұл ауыл елімізде қолға алынған өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында таза су жүйесіне қол жеткізді.

Талдыапан ауылдық округіндегі таза ауыз су құрылысының жұмысы 778,674 млн теңге қаражатты құрады. Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарына су құбырын жүргізу жұмыстарын (құбыр ұзындығы – 106,8 км) «БатысГазСтрой» ЖШС сапалы атқарып шыққан. Нәтижесінде 1300-ден астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Осы орайда атап айтатын бір жәйт – құбыр құрылысына жергілікті зауыт өнімдері пайдаланылған.

– Құрылыс барысында жергілікті үш зауыт – «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» шығарған полиэтилен құбырлар, «Стройкомбинат» шығарған темірбетон бұйымдар, Орал құю-механикалық зауытында жасалған су жинағыш мұнаралар пайдаланылды. Жергілікті көлік компаниялары тартылды, сондай-ақ аудан тұрғындары да жұмыс тапты. Халықты таза ауыз сумен қамту ісі келер жылы да тоқтамайды. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында тағы 50 елдімекенге таза су құбырын жүргіземіз, – деді өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу