Аймақтар • 17 Қазан, 2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында пәтерді кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін «Орда» бағдарламасы әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті болып тұр.

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

Осындай үйге қолы жеткен 1 топ мүгедегі Зәуре Өскенбаева «бұл біз сияқты адамдар үшін үлкен жеңілдік» дейді.

Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленгенін облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде айтқан болатын.

«Біз өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдық. Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд.теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық»,- деді Қырымбек Елеуұлы.

Өткен жылы Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220 отбасы баспаналы болған. Биыл да 262 пәтер әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға салынса, облыстық бюджет есебінен 250 отбасы үйлі болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ