Саясат • 18 Қазан, 2018

Сауле Айтпаева: Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты, Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Түркістан облысында және Шымкент қаласында бірқатар кездесу өткізді. 

Сауле Айтпаева: Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру

Шымкент қаласының әкім­­­дігінде, білім және ден­сау­лық сақтау басқар­маларына қарас­ты ұйымдард­а өткен кездесу­лер барысында Президент Н.На­зарбаевтың Жолдауын іске асыру шаралары туралы айтылды. 

Сондай-ақ Түркістан об­лысындағы Сарыағаш ауданында аудандық және ауылдық округтер әкімдерінің, білім беру, отбасы, балалар мен жастар ісі, ішкі істер бас­қармалары басшыларының, басқа да мүдделі органдардың қатысуымен кездесу өтті.

С.Айтпаева Мемлекет бас­­шысының Жолдауындағы бі­лім беру, денсаулық сақтау және азаматтардың әл-ауқа­тын жақсарту салаларына қа­тысты ережелерге тоқталды. Ба­ла­лардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәмелетке тол­­мағандарға қатысты зорлық-зом­былықтың алдын алу мәсе­лелеріне ерекше назар аударды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан об­лысы