Аймақтар • 18 Қазан, 2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин жұмыс сапарында дін саласындағы облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен кездесті.

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

Жиын барысында дін саласындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында өз ойларымен бөліскен сектор меңгерушісі соңғы кезде көп көтеріліп жүрген «хиджап» мәселесіне байланысты сауалға жауап берді.

«Қазақстанда мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесі де қатаң зайырлы сипатқа ие екенін және оның діни білім беру жүйесінен ажыратылғандығын баса айта кеткен жөн. Бұл жағдайда зайырлылық мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастардың бойында белгілі бір нақты дінге көзқарасын қалыптастыруға тыйым салынатынын білдіреді. Діни көзқарас қалыптастыру құқығы заң талабына сәйкес, діни оқу орындарын аша алатын республикалық немесе аймақтық мәртебеге ие діни бірлестіктерге ғана берілген»,-деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы