Әлем • 18 Қазан, 2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Керчь қаласында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды  ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек,  17 қазанда Керчь  қаласындағы политехникалық колледжде атыс және жарылыс  болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген. Кейін Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жеткендігі туралы хабар тарады. 

Оқиғаға сәйкес Қырымда 18 қазаннан бастап үш күн аза тұту күндері болып жарияланды.