Қазақстан • 19 Қазан, 2018

Нәтижесі көңілімізден шығады

394 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ипотекалық қарыз алушы­лардың мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің басшылары еліміздің басшы­лығына және Ұлт­тық Банкке олардың пәтер мәселесіне қолдау көрсет­кені және оны шешіп бергені үшін алғыс білдіреді.

Нәтижесі көңілімізден шығады

«КӘУСӘР-БҰЛАҚ» әлеу­мет­тік көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің прези­денті Ұлданай Қамбарова: 

«КӘУСӘР-БҰЛАҚ» әлеумет­тік көмек көрсету орталығы» қоғам­дық бірлестігі Прези­дент­ке, Үкіметке, Пре­зи­дент Әкімшілігіне, Ұлттық Банкке жә­не Ұлттық Банктің Қаржылық қыз­меттерді тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына өзінің кезекті алғысын білдіреді. Сіздерге және сіздердің қызмет­керлеріңізге үлкен алғысы­мыз­­­­ды білдіргіміз келеді. Бү­гін Қазақстанда борыш­кер аза­маттардың кепілдегі жыл­жы­майтын мүлкін сақтау жө­ніндегі ипотекалық проблемалар оңтайлы шешілуде, борыштық жүктеме азайтылды, пайыздық мөлшерлеме төмендетілді және кредиттеу мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды. Сіздердің елі­міздің ипотека алушыларының пробле­маларын шешудегі ауыр еңбектеріңізге ризамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және барлық істеріңізге береке тілейміз. Бұл мәселе түпкілікті шешілді деу­ге болмайды. Ипотекалық қарыз алушыларды одан әрі қорғау және жалғыз баспананы сақтау бойынша алда әлі де бірлесіп үлкен жұмыс жасауымыз қажет. 

«Арнамыс-5» төрағасы Қа­на­ғат Такеева:

«Мүмкіндікті пайдала­на оты­­рып Президентке, оның аза­­­маттардың өмірін жақ­сар­туға деген ниеті үшін және Ұлттық Банктің басшысына Пре­­зиденттің тапсырмаларын жедел іске асыр­ғаны және қа­рыз алушыларға адам­гер­ші­лікпен қарағаны үшін алғы­сымды білдіргім келеді. Біздің ипотекалық эпопеямыз ша­мамен 11 жылға созылды. Ол бо­лашаққа деген үмітсіз, қа­лып­ты өмірге оралуға деген тұс­палсыз өмір сүрген жылдар болды. Адамның еркін қоз­ға­лыссыз, өз өмірінің ғана емес, өз балаларының өмірі мен бо­лашағын еркін жоспарлай алмай, бүкіл мүлкімен қоса тыйыммен өмір сүруі қорқынышты. Біздің Пре­зидентіміз Үкіметтен ша­ғын жә­не орта бизнеске қолдау көр­сету жөнінде шаралар әзір­леуді үнемі талап етіп отырады, бірақ қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлер объек­тіле­­рінің көп­­шілігі 2005 жылдан бері екінші деңгейдегі банктер­де олардың проблемалық қарыз­дарын қамтамасыз ету ретінде, объектілердің бір бөлігі наубай­ханалар, кондитерлік орта­лық­тар, балабақшалар, шаруа қожалықтары, элеваторлар жә­не басқа да көптеген объек­тілер банктердің балансына қа­былданғанын ескермейді. Банк­тердің борыштарды өндіріп алу жөніндегі жұмысына байланыс­ты кәсіпкерлер өз жұмыс­тарын тоқтатып, бұл объектілерді қал­дыруға мәжбүр болады. Қыз­мет көрсетілмегеннен кейін бұл объектілер жарамсыз болып қалады. Бұл кә­сіпкерлер мем­лекеттің қол­дауына, биз­нес­ті қалыпқа кел­тіру үшін жағ­дайлардың жа­салуына мұқ­таж. Үкіметке кә­сіп­керлерге қолдау көрсету және ком­мерциялық объектілерді оңалту жөніндегі қанатқақты жобаны іске қосуды ұсынамыз, ол банктердегі өтімсіз актив­терді азайтуға, ша­ғын және орта бизнеске қол­дау көрсетуге, халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге және елдің экономикасын көтеруге мүмкіндік берген болар еді».

Думан АНАШ

«Егемен Қазақстан»